Әлем

Путин мен Байден жабық режимде түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады

© POOL / Медиабанкке өтуВстреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве
Встреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2021
Жазылу
"Мәнді әрі тиімді" болады деп болжанып отырған сұхбаттың нәтижесі бойынша мәлімдеме жасалмайды
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Мәскеу мен Вашингтон қарым-қатынасы шиеленісе түсті, ал Джозеф Байден сонда да Владимир Путинмен әңгіме ұзаққа созылады деп үміттеніп отыр.
Америка лидері "нақты ұсыныстар" әзірлегенін мәлімдегенмен, қандай мәселе екенін ашып айтпады. Басты тақырып – Украина. Күні бұрын қос тарап та өз  ұстанымын айқындады: Кремль "қызыл сызықтан" аспауды еске салса, Ақ үй "Ресейге қарсы "жалпыға ортақ іс-шаралар пакетін" дайындап жатқанын жария етті, деп жазды РИА Новости.
Кездесу шамамен Мәскеу уақыты бойынша сағат 18:00-де басталады. Қорғалған видеобайланыс арнасы арқылы сөйлеседі. Телеарналар арқылы тікелей эфир болмайды.
Пресс-конференция главы МИД РФ С. Лаврова - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2021
Әлем
Дұшпандық әрекеттерге батыл жауап қайтарамыз – Лавров АҚШ-қа ескерту жасады
"Алғашқы кадрды ғана көрсетеді. Қалған әңгіменің барлығы жабық режимде өтеді", - деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Мәнді әрі тиімді" болады деп болжанып отырған сұхбаттың нәтижесі бойынша мәлімдеме жасалмайды.
Мәскеу "Женевада қол жеткізілген келісімдер қалай жүзеге асырылып жатқанына" талдау жүргізуге басымдық беріп отыр. Путин мен Байден екі елдің қарым-қатынасы, Украинадағы жағдай, НАТО-ның шығысқа қарай ығысуы мен осыған қатысты Ресей президентінің бастамасын талқылайды.
1 желтоқсанда Путин альянсты кеңейтпеуге заңды түрде кепілдік беру жайында нәтижелі келіссөз ұйымдастыруды ұсынды. Ол батыс шекарадағы шиеленіс күшейіп келе жатқанын айтып, жазбаша түрде "қауіпсіздіктің сенімді әрі ұзақ мерзімді кепілдігі" қажет екенін ескертті. Себебі ауызша уәдені батыс елдері орындамай отыр. Путин "Ресеймен қарым-қатынас орнату кезінде ешкім қызыл сызықтан асып кетпейді деп үміттенемін. Әрбір нақты жағдай бойынша ол қызыл сызықтың қай тұстан өтетінін біз анықтаймыз" дегенді айтты.
Ал 3 желтоқсанда Байден Кэмп-Дэвидке ұшар алдында журналистерге "ешкімнің қызыл сызығын мойындамайтынын" мәлімдеді: "Ресейдің іс-әрекеті бізге бұрыннан белгілі. Сондықтан әңгіме ұзаққа созылады деп санаймын". Кейінірек Ақ үй өкілі Джен Псаки президенттер киберқауіпсіздік пен стратегиялық тұрақтылықты, сондай-ақ өңірлік проблемаларды талқылайтынын жеткізді.
Соңғы айларда Украина екіжақты қарым-қатынастың ең өзекті проблемасына айналды. Мәскеу Киев Минск келісімдерін сақтағысы келмейтініне сенімді. "Мәжбүрлеу керек, - деп санайды Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров. – Норманд форматы дәл осы мақсатта құрылды. Бірақ Берлин мен Париж өз міндеттерінен қашып отыр".
Флаг Евросоюза - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Әлем
Еуроодақ жаңа ортақ қорғаныс стратегиясын әзірледі
Ал Киевтегілер Минск келісіміне қатысымыз жоқ деп санайды. Бірақ Донбастағы жағдай түзелер емес, керісінше, ушығып барады. Пентагон украин шекарасындағы Ресей әскерін жіті бақылап отырғанын жиі айтады. АҚШ батыстағы одақтастарымен бірлесіп, Ресейдің Украинаға басып кіруіне жол бермейтін "жалпыға ортақ іс-шаралар пакетін" дайындап жатыр. Мемлекеттік департамент агрессия болған жағдайда "түске де кірмеген" санкциялар қолданатынын ескертті. Батыстағы БАҚ қазаннан бері шекарадағы жағдай шиеленіскенін жазуда. Ал Мәскеу ел аумағындағы әскери техника мен армия бөлімшелерінің жүріс-қозғалысы Ресейдің ішкі ісі екенін еске салды.
Президенттер сұхбатынан бір күн бұрын Financial Times бірнеше аптадан бері АҚШ Ресей Украинаға басып кірмекші болып жатқанына Еуроодақты қалай сендіргенін егжей-тегжейлі жазған. Сол сияқты немістердің Bild басылымы есімін атамаған ақпарат көзіне сүйеніп, Ресей 2022 жылдың басына жоспарлап отырған Украинаға шабуылдың жоспарымен бөлісті. Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова ұсынылған картада Львов емес, Лемберг тұрғанына назар аударды. Заманауи неміс тілінде бұл қаланы Lwiw десе, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Lemberg топонимі қолданылған. "Неміс журналистері мұны қай картадан көшіріп алған?" деп таңданыс білдірді.
"Байден әкімшілігі НАТО-ны нығайтып, ішкі тәртіпті күшейтіп жатыр. Бұл барлығын уысынан шығарып алған Дональд Трамп командасының жұмыс нәтижесімен салыстырғанда айқын байқалады", - деді РҒА Әлем экономикасы және халықаралық қатынастар институты Солтүстікамерикалық зерттеулер орталығының қызметкері Сергей Кислицын.
Ол альянс Бейжің мен Мәскеуге қарсы тұрумен байланысты киберқауіпсіздік сынды салаларға тереңірек назар аударатынын айтты.
Сарапшының пікірінше, америкалықтардың Украинаға көп көңіл бөлуінің астарында посткеңестік кеңістікте ықпалды күшейту ниеті жатыр. Бұл мәселеде Вашингтон Бейжіңмен бәсекелес. Сонымен қатар қытайлардың қолы жетпеген аймақтарда Ресеймен де мүдделері қайшы келіп отыр. Кислицын Байден мен Путиннің алдыңғы келіссөзде қол жеткізген ең басты нәтижесі ретінде Стартегиялық шабуылдау қаруларын бәсеңдету туралы шартты келісуді атауға болатынын мәлімдеді.
Путин мен Байденнің офлайн форматта алғашқы кездесуі 16 маусымда Женевада өтті. Стратегиялық қарулануға қатысты мәлімдемелер қабылданды. Бірлескен баспасөз конференциясын өткізбей, әр президент жеке-жеке баяндама жасады. Путин елшілердің Мәскеу мен Вашингтондағы қызметтеріне қайта кірісетіні туралы айтса, Байден "Путин сұрапыл соғысты қаламайтынын" жеткізді де, бұл диалогтың нәтижесі туралы жарты жылдан кейін айтуға болатыны туралы пікір білдірді.
"Алты ай артта қалды. Өте аз болса да, әскери ведомстволар арасында диалог бар екенін көріп отырмыз, бас штабтар деңгейінде байланыс сақталып тұр. Киберқауіпсіздік сынды жаһандық мәселе бойынша ілгерілеу бар. Сирияға гуманитарлық көмек бойынша да оң өзгеріс байқалады",  - деді Таяу шығыс зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері Алексей Давыдов.
Оның пікірінше, бұл бағыттағы жетістік әлдеқайда ауқымды болар еді, бірақ Байденді оппозиция – республикашылдар тежеп отыр. Сондықтан қос тарап үшін де тиімді кез келген мәмілені республикашылдар көшбасшысы демократ бола тұра Ақ үйдің әлсіздігі ретінде баяндап, үгіт-насихат жүргізеді.
Кислицынның пікірінше, саясат пен экономикадағы оң өзгерістер үшін қолайлы жағдай әзірше туындамай отыр. Американың мемлекеттік департаменті елдегі бірінші тұлғалар сөйлесіп, мәселені ашық талқылауы маңызды екенін баса айтты. Бұл пікірмен ресейліктер де келісіп отыр.
Жаңалықтар
0