Қоғам

Instagram жаңа функцияларды таныстырды

© Sputnik / Владислав ВодневInstagram
Instagram - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2021
Жазылу
Кәмелетке толмаған пайдаланушыларға арналған Instagram-ның жаңа мүмкіндіктері арасында қолдану уақытын шектеу мен үзілісті еске салу функциялары бар
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Instagram әлеуметтік желісі интернетте жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бірқатар функцияны таныстырды. Бұл туралы әлеуметтік желінің басшысы Адам Моссери мәлімдеді.
Оның кейбірі келер жылы іске қосылады деп жоспарланған.
Осылайша ата-аналар мен қамқоршылар жасөспірімнің әлеуметтік желіде қанша уақыт өткізгенін көріп, тіпті қолдану уақытын шектей алады. Сонымен қатар компания АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Жаңа Зеландия және Австралияда үзіліс жасау функциясын іске қосады. Бұл толықтыру сынақтан өткізілетіні туралы Instagram қарашада хабарлады.
Сондай-ақ жасөспірімдер біреуге шағымданған жағдайда ата-анасына хабар бере алады. Осылайша ата-аналар сол желі пайдаланушысымен байланысқа шығуға мүмкіндік алады.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, Instagram пайдаланушыға жазылмаған жасөспірімдерді белгілеуге және пікір қалдырған кезде аккаунтын көрсетуге тыйым салады.
"Жасөспірім бір тақырыпқа ұзақ уақыт бойы қызығушылық танытса, оны әртүрлі тақырыпқа бағыттап отырамыз", - деп хабарлады компания басшысы.
Компания ата-аналар мен қамқоршыларға арналған жаңа білім беру орталығын дамытады. Ол жерде әлеуметтік желіні балалармен бірге пайдалануды талқылауға көмектесетін өнім нұсқаулығы мен сарапшылар кеңесі болады.
Оқи отырыңыз: Facebook компаниясы атауын Meta деп өзгертті 
Instagram – бұл фотосуреттер мен видеолар түсіруге, фильтр қолдануға, сондай-ақ оларды өз сервисі арқылы және бірқатар әлеуметтік желі арқылы таратуға мүмкіндік беретін Meta компаниясына тиесілі әлеуметтік желі.
Жаңалықтар
0