https://sputnik.kz/20211207/COVID-19-omikron-shtamy-18847438.html
COVID-19: омикрон штамын жұқтырғандардың жағдайы не болып жатыр
COVID-19: омикрон штамын жұқтырғандардың жағдайы не болып жатыр
Sputnik Қазақстан
Омикрон штамын жұқтырған адамдарда коронавирус жеңіл өтіп жатыр, алайда түпкілікті қорытынды шығаруға әлі ерте, деп мәлімдеді ДДСҰ 07.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-07T15:42+0500
2021-12-07T15:42+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
коронавирус
дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
https://sputnik.kz/img/07e5/07/0e/17599959_0:23:3072:1751_1920x0_80_0_0_a2e2224e5af2da8b0bd98e3afbf4d869.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 жетоқсан — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың омикрон-штамын жұқтырған науқастар ауырып жатқаны туралы алдын ала қорытындыны жариялады.Соңғы дерек бойынша омикрон-штамм жеңіл түрде өтіп жатыр, деп мәлімдеді ДДСҰ төтенше аурулар бөлімшесі техникалық тобының басшысы Мария Ван Керкхове.Ол кей жағдайда вирустың салдарын анықтау үшін біршама уақыт қажет болатынын айтты. Вирус жұқтырғандардың бірінде ауру ауыр формада өтіп жатқанын мамандар анықтағанға дейін бірнеше апта өтуі мүмкін. Алайда әзірше мұндай жағдай тіркелген жоқ.ДДСҰ мәліметі бойынша омикрон-штамм жұқтырғандардың арасында әзірге өлім-жітім тіркелген жоқ."Бұл аурудың жеңіл түрі болса да, оның таралуына қарсы дереу күрес жүргізуіміз керек. Себебі науқастар саны көбейсе, олардың кейбірін ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін. Олар интенсивті терапия бөліміне ауыстырылып, кейбірі көз жұмуы мүмкін", - деді ДДСҰ өкілі.Науқастар санының артуы ауруханада орын тапшылығын тудырып, өлімнің көбеюіне алып келеді."Біз бүкіл әлемде "Дельта" штамы өршіп тұрған шақта осылай болғанын қаламаймыз", - деп түйіндеді Мария Ван Керкхове.Коронавирустың жаңа штамы қазанның соңында Ботсвана және Оңтүстік Африка Республикаларында анықталды. Оның құрамында жасушаларды зақымдайтын S-ақуызының ондаған мутациясы бар.Оқи отырыңыз: Қазақстанда "омикрон" штамы анықталса, жаңа шектеулер енгізіле ме Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұмада өткен шұғыл отырыста B.1.1.529 жаңа штамына алаңдаушылық білдіріп, оған грек алфавитіндегі 15-ші әріптің атауын беріп, "омикрон" деп атады. Сарапшылар жаңа штамм коронавируспен ауырып, қайта жазылғандарға да, екпе салдырғандарға да жұғуы мүмкін дейді. Оның негізгі симптомы – бас ауруы мен шаршаңқылық.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/0e/17599959_187:0:2918:2048_1920x0_80_0_0_736cd35a19c91bb92cf81641c9ae1d26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
коронавирус, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
COVID-19: омикрон штамын жұқтырғандардың жағдайы не болып жатыр
15:42 07.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Омикрон штамын жұқтырған адамдарда коронавирус жеңіл өтіп жатыр, алайда түпкілікті қорытынды шығаруға әлі ерте, деп мәлімдеді ДДСҰ
НҰР-СҰЛТАН, 7 жетоқсан — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың омикрон-штамын жұқтырған науқастар ауырып жатқаны туралы алдын ала қорытындыны жариялады.
Соңғы дерек бойынша омикрон-штамм жеңіл түрде өтіп жатыр, деп мәлімдеді ДДСҰ төтенше аурулар бөлімшесі техникалық тобының басшысы Мария Ван Керкхове.
"Бастапқы мәлімет "Омикрон" жұқтырған адамдардың ағзасында ауру жеңіл өтіп жатқанын көрсетіп отыр. Бірақ нақты қорытынды шығаруға әлі ерте", - деді Ван Керкхове CBS эфирінде.
Ол кей жағдайда вирустың салдарын анықтау үшін біршама уақыт қажет болатынын айтты. Вирус жұқтырғандардың бірінде ауру ауыр формада өтіп жатқанын мамандар анықтағанға дейін бірнеше апта өтуі мүмкін. Алайда әзірше мұндай жағдай тіркелген жоқ.
ДДСҰ мәліметі бойынша омикрон-штамм жұқтырғандардың арасында әзірге өлім-жітім тіркелген жоқ.
"Бұл аурудың жеңіл түрі болса да, оның таралуына қарсы дереу күрес жүргізуіміз керек. Себебі науқастар саны көбейсе, олардың кейбірін ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін. Олар интенсивті терапия бөліміне ауыстырылып, кейбірі көз жұмуы мүмкін", - деді ДДСҰ өкілі.
Науқастар санының артуы ауруханада орын тапшылығын тудырып, өлімнің көбеюіне алып келеді.
"Біз бүкіл әлемде "Дельта" штамы өршіп тұрған шақта осылай болғанын қаламаймыз", - деп түйіндеді Мария Ван Керкхове.
Коронавирустың жаңа штамы қазанның соңында Ботсвана және Оңтүстік Африка Республикаларында анықталды. Оның құрамында жасушаларды зақымдайтын S-ақуызының ондаған мутациясы бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұмада өткен шұғыл отырыста B.1.1.529 жаңа штамына алаңдаушылық білдіріп, оған грек алфавитіндегі 15-ші әріптің атауын беріп, "омикрон" деп атады. Сарапшылар жаңа штамм коронавируспен ауырып, қайта жазылғандарға да, екпе салдырғандарға да жұғуы мүмкін дейді. Оның негізгі симптомы – бас ауруы мен шаршаңқылық.