https://sputnik.kz/20211206/qazaqstan-esirtki-meditsina-qyzmetker-18834661.html
Есірткі айналымына қатысты тексеріс: 32 медицина қызметкері жазаланды
Есірткі айналымына қатысты тексеріс: 32 медицина қызметкері жазаланды
Sputnik Қазақстан
Бір аптаның ішінде жедел қызметкерлер заңсыз сатылған мыңдаған психотропты дәрілік заттарды тәркіледі 06.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-06T14:32+0500
2021-12-06T14:32+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
есірткі
тексеріс
медицина
https://sputnik.kz/img/745/69/7456975_0:180:3000:1868_1920x0_80_0_0_acda4ace7045d28ee242a89b9867f678.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда бір аптада есірткі айналымы саласындағы заңбұзушылық үшін 32 медицина маманы жауапқа тартылды. Жедел-профилактикалық шара қорытындысы бойынша ішкі істер министрлігі осындай мәлімет ұсынды.Іс-шараны өткізу аясында 29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында осы заттарды өз қызметінде қолданатын 75 кәсіпорын мен ұйым тексерілді, Қылмыстық кодекстің 303-бабы ("Есірткі заттарын, психотропты немесе улы заттарды қолдану ережесін бұзу") бойынша 12 қылмыс анықталды, деп жазды Polisia.kz.Нұр-Сұлтанда, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында құрамында есірткі заттары бар препараттардың айналымы ережелерін бұзған үш медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз фармацевтикалық қызметті қоса алғанда 129 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. 129 адам, оның ішінде 32 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Барлық материал денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аймақтық бөлімшелеріне жолданды.356 ампула есірткі заты, 5 258 дәрі, 173 ампула психотропты зат, 258 ампула прекурсор айналымнан шығарылды.Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінде атап өткендей, құрамында есірткі бар дәрілік заттарды заңсыз сату фактілері анықталуда. Көбіне психоактивті әсері бар дәрілік препараттар жасөспірімдердің қызығушылығын тудырып, олардың есірткіге тәуелді болуына себеп болып отыр.Полиция мәліметі бойынша, тінту кезінде синтетикалық опиоидтерге жататын 20 дәрі тәркіленген Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Атырау облысында да осыған ұқсас екі факті анықталды. Мұнда барлығы 3 870 дәрі мен 70 құты атропин тобына жататын тамшы тәркіленді. Теміртауда да дүкенде дәріхана препаратына жататын 10 дәріні сатқан жергілікті тұрғын анықталды.Мұндай дәрілер адам өмірі мен денсаулығына кері ықпал ететін күшті әсер ететін заттардың тізіміне енгізілген. Олардың таралуын бақылау функцияларын денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады. Ал полиция осындай фактілер бойынша шағымданған азаматтардың өтініштері негізінде жинақталған материалдарды уәкілетті органға жолдануын қамтамасыз етеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/745/69/7456975_136:0:2865:2047_1920x0_80_0_0_b50fc056cfa04d44b5cda04aa4138833.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, тексеріс, медицина
есірткі, тексеріс, медицина
Есірткі айналымына қатысты тексеріс: 32 медицина қызметкері жазаланды
14:32 06.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Бір аптаның ішінде жедел қызметкерлер заңсыз сатылған мыңдаған психотропты дәрілік заттарды тәркіледі
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда бір аптада есірткі айналымы саласындағы заңбұзушылық үшін 32 медицина маманы жауапқа тартылды. Жедел-профилактикалық шара қорытындысы бойынша ішкі істер министрлігі осындай мәлімет ұсынды.
Іс-шараны өткізу аясында 29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында осы заттарды өз қызметінде қолданатын 75 кәсіпорын мен ұйым тексерілді, Қылмыстық кодекстің 303-бабы ("Есірткі заттарын, психотропты немесе улы заттарды қолдану ережесін бұзу") бойынша 12 қылмыс анықталды, деп жазды
Polisia.kz.
Нұр-Сұлтанда, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында құрамында есірткі заттары бар препараттардың айналымы ережелерін бұзған үш медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз фармацевтикалық қызметті қоса алғанда 129 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. 129 адам, оның ішінде 32 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Барлық материал денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аймақтық бөлімшелеріне жолданды.
356 ампула есірткі заты, 5 258 дәрі, 173 ампула психотропты зат, 258 ампула прекурсор айналымнан шығарылды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінде атап өткендей, құрамында есірткі бар дәрілік заттарды заңсыз сату фактілері анықталуда. Көбіне психоактивті әсері бар дәрілік препараттар жасөспірімдердің қызығушылығын тудырып, олардың есірткіге тәуелді болуына себеп болып отыр.
Полиция мәліметі бойынша, тінту кезінде синтетикалық опиоидтерге жататын 20 дәрі тәркіленген Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Атырау облысында да осыған ұқсас екі факті анықталды. Мұнда барлығы 3 870 дәрі мен 70 құты атропин тобына жататын тамшы тәркіленді. Теміртауда да дүкенде дәріхана препаратына жататын 10 дәріні сатқан жергілікті тұрғын анықталды.
Мұндай дәрілер адам өмірі мен денсаулығына кері ықпал ететін күшті әсер ететін заттардың тізіміне енгізілген. Олардың таралуын бақылау функцияларын денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады. Ал полиция осындай фактілер бойынша шағымданған азаматтардың өтініштері негізінде жинақталған материалдарды уәкілетті органға жолдануын қамтамасыз етеді.