Қоғам

Боранда жолға шыққан жүргізушілерге айыппұл салына ма – министр жауап берді

© Photo : КЧС МВД РКЭвакуация людей с заснеженных трасс
Эвакуация людей с заснеженных трасс - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының пікірінше, әкімшілік жауапкершілік қыста жолда болатын қайғылы оқиғалар мен құтқарушыларды шақыру санын азайтады
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Осы қыста қолайсыз ауа райы кезінде тасжолға шыққан қазақстандықтарға айыппұл салынбайды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін министр құтқару қызметінің ескертуіне қарамастан алыс жолға шығатын көлік жүргізушілеріне айыппұл салу қажеттігін айтқан.
"Осы қыста ескертуге қарамай жолға шығатын және артынан біздің көмегімізге зәру болатын жүргізушілерге қатысты ешқандай әкімшілік шара қолданылмайды. Алайда болашақта ондай адамдардың жауапкершілігін қарастыру қажат. Оны қай кезде қарайды, ол жағы белгісіз", - деді Ильин журналистерге берген сұхбатында.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері төтенше жағдайлар қызметі 4,5 мыңнан астам адамды құтқарды. Олардың ішінде 414 бала бар. Бір жарым мыңнан астам техника қар құрсауынан шығарылды.
Айта кетері, 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін жүргізушілерге жазғы доңғалақпен жүргені үшін айыппұл салынады. Жазғы доңғалақпен жүруді шектейтін тыйым елімізде бұрыннан бері бар. Ол үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Биыл бұл сома 14 585 теңгеге тең, ал 2022 жылы 15 315 теңге болады.
Полицейлер көлігінің доңғалағын ауыстырмағандарға тек қыстың үш айында ғана айыппұл сала алады, қалған уақытта ескертумен шектеледі. Айыппұлдан бөлек, мұндай көліктің иесі доңғалақты ауыстырғанға дейін мемлекеттік нөмірінен айырылуы да мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0