https://sputnik.kz/20211206/Taraz-zharylys-Ilin-18836926.html
Тараздағы жарылыс кезінде әскерилер өрт сөндірушілерді қателестірді – Юрий Ильин
Тараздағы жарылыс кезінде әскерилер өрт сөндірушілерді қателестірді – Юрий Ильин
Sputnik Қазақстан
Министр Юрий Ильин қорғаныс министрлігінің қызметкерлері жарылыс қаупі жоқ деп құтқарушыларға жалған ақпарат бергенін атап өтті 06.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-06T17:59+0500
2021-12-06T17:59+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
жарылыс
құтқарушылар
https://sputnik.kz/img/07e5/03/03/16443856_0:0:3169:1782_1920x0_80_0_0_7c36f6d6f7d599de557884d8d0dc0fac.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Тараз түбіндегі жарылыс кезінде әскери бөлімнің басшылығы өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға тротилден бөлек, жарылғыш заттар бар екенін айтпаған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Өрт сөндірушілердің негізгі міндеті – өртті сөндіру және ары қарай таралуына жол бермеу. Бірақ өрт ошағына шығардың алдында барлау жасалып, нысан иесінен жарылыстың қаупі туралы ақпарат алынады. Дәл сол жерде нысан басшылығы да, қорғаныс министрлігінің басшылығы да тротилден басқа ештеңе жоқ деп мәлімдеген. Тротил жоғары температурада жанып кетеді, бірақ жарылмайды. Бұдан басқа ешқандай қауіп болмаған", - деді Ильин мәжілісте өткен үкімет сағатында.Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері төтенше жағдай салдарынан 1,5 мың адам қайтыс болды Министрдің айтуынша, қажетті ақпарат алынғаннан кейін өрт сөндіру қызметінің Жамбыл облыстық горнизоны көрші тұрған қоймаларға су шашуға кіріскен.Осы орайда министр жарылыстар кезінде 17 адамның қайтыс болғанын еске салды. Олардың ішінде 10 адам төтенше жағдайлар қызметінің маманы болған. Ал із-түзсіз жоғалып кеткен қызметкер қорғаныс министрлігінде жұмыс істеген.Әскери қоймадағы жарылыс26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт басталып, артынша оқ-дәрі жарылды. Кем дегенде 10 жарылыс болған.Төтенше жағдайдан 17 адам қаза тапты. Бір адам хабар-ошарсыз кеткен еді. 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев әскери бөлімде қызмет еткен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/03/16443856_72:0:2803:2048_1920x0_80_0_0_b1a7aa403eef20213fe600171ed1400e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарылыс, құтқарушылар
Тараздағы жарылыс кезінде әскерилер өрт сөндірушілерді қателестірді – Юрий Ильин
17:59 06.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Министр Юрий Ильин қорғаныс министрлігінің қызметкерлері жарылыс қаупі жоқ деп құтқарушыларға жалған ақпарат бергенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Тараз түбіндегі жарылыс кезінде әскери бөлімнің басшылығы өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға тротилден бөлек, жарылғыш заттар бар екенін айтпаған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өрт сөндірушілердің негізгі міндеті – өртті сөндіру және ары қарай таралуына жол бермеу. Бірақ өрт ошағына шығардың алдында барлау жасалып, нысан иесінен жарылыстың қаупі туралы ақпарат алынады. Дәл сол жерде нысан басшылығы да, қорғаныс министрлігінің басшылығы да тротилден басқа ештеңе жоқ деп мәлімдеген. Тротил жоғары температурада жанып кетеді, бірақ жарылмайды. Бұдан басқа ешқандай қауіп болмаған", - деді Ильин мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Министрдің айтуынша, қажетті ақпарат алынғаннан кейін өрт сөндіру қызметінің Жамбыл облыстық горнизоны көрші тұрған қоймаларға су шашуға кіріскен.
"Бірақ тергеушілер қоймадағы тротилдің детонациясын анықтады. Содан жарылыс болған. Енді кінәлі адамдарды сот анықтайды. Ішкі істер министрлігі тергеу жүргізіп жатыр. Біздің қызметкерлеріміз де жарылыстың себебін анықтауға көмектесіп жүр", - деп атап өтті Ильин.
Осы орайда министр жарылыстар кезінде 17 адамның қайтыс болғанын еске салды. Олардың ішінде 10 адам төтенше жағдайлар қызметінің маманы болған. Ал із-түзсіз жоғалып кеткен қызметкер қорғаныс министрлігінде жұмыс істеген.
26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт басталып, артынша оқ-дәрі жарылды. Кем дегенде 10 жарылыс болған.
Төтенше жағдайдан 17 адам қаза тапты. Бір адам хабар-ошарсыз кеткен еді. 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев әскери бөлімде қызмет еткен.