Турист көзімен: Грузияның көрікті жерлері мен ерекше ғимараттарының суреттері
17:05 05.12.2021 (жаңартылды: 12:28 10.08.2023)
Жазылу
Грузия еліне саяхаттаушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе, бұл елге деген қазақстандықтардың қызығушылығы ерекше
Себебі Грузияға қауіпсіз, бағасы тиімді әрі халқы қонақжай саналады. Қара теңіз, Қазбегі, Кавказ таулары туристердің сүйікті жерлеріне айналды.
"Грузия анасы" монументі, Қуыршақ театры, орта ғасырда салынған шіркеу, Қара теңіз бен Жинвал су қоймасы. Бұл елде туристі таңғалдыратын жерлер жетерлік.
Бұған қоса, Грузия – түрлі жемістер мен көкөністердің отаны. Әсіресе, күз айларында жүзім, құрма, мандариндер піседі. Бұл елге саяхат жасайтын уақытты жаз бен күзге жоспарлаған жөн.
Грузияның көрікті жерлерін суреттер топтамасынан көре аласыз.
© Sputnik / Нұрхан ГүлбаршынБұл қаланың символы саналатын "Грузия анасы" монументі. Әйелдің оң қолында ұстап тұрған қылышы жаулары үшін болса, екінші қолындағы шарап қонаққа құрмет көрсетудің үлгісін білдіреді
1/14
© Sputnik / Нұрхан Гүлбаршын
Бұл қаланың символы саналатын "Грузия анасы" монументі. Әйелдің оң қолында ұстап тұрған қылышы жаулары үшін болса, екінші қолындағы шарап қонаққа құрмет көрсетудің үлгісін білдіреді
© Sputnik / Нұрхан ГүлбаршынТбилиси қаласындағы ерекше ғимараттың бірі – Қуыршақ театры. Ол өзінің сәулет құрылысымен ғана емес, репертуарымен де ерекшеленеді. Әр күні сағат 12:00, 19:00-де қойылым болады. Ал әр сағат сайын қанатты періште терезені ашып, қоңырау соғады
2/14
© Sputnik / Нұрхан Гүлбаршын
Тбилиси қаласындағы ерекше ғимараттың бірі – Қуыршақ театры. Ол өзінің сәулет құрылысымен ғана емес, репертуарымен де ерекшеленеді. Әр күні сағат 12:00, 19:00-де қойылым болады. Ал әр сағат сайын қанатты періште терезені ашып, қоңырау соғады
© Sputnik / Нұрхан ГүлбаршынТбилиси қаласы ерекше шатырлы үйлерімен де танымал. Қаланы биіктен тамашалап, еуропалық үлгіде салынған үйлердің фонында суретке түсуге болады
3/14
© Sputnik / Нұрхан Гүлбаршын
Тбилиси қаласы ерекше шатырлы үйлерімен де танымал. Қаланы биіктен тамашалап, еуропалық үлгіде салынған үйлердің фонында суретке түсуге болады
© Sputnik / Нұрхан ГүлбаршынТбилиси қаласының ескі ауданындағы көшелерде жаяу серуендеп, базар аралауға болады. Қаланың әр бұрышы грузин халқының ұлттық нақышына сай безендірілген
4/14
© Sputnik / Нұрхан Гүлбаршын
Тбилиси қаласының ескі ауданындағы көшелерде жаяу серуендеп, базар аралауға болады. Қаланың әр бұрышы грузин халқының ұлттық нақышына сай безендірілген
© Sputnik / Нұрхан ГүлбаршынГрузия – түрлі жеміс пен көкөністер отаны. Әсіресе, күз айларында жүзім, құрма, мандарин піседі. Бұл елге саяхат жасайтын уақытты жаз бен күзге жоспарлаған жөн
5/14
© Sputnik / Нұрхан Гүлбаршын
Грузия – түрлі жеміс пен көкөністер отаны. Әсіресе, күз айларында жүзім, құрма, мандарин піседі. Бұл елге саяхат жасайтын уақытты жаз бен күзге жоспарлаған жөн
© Sputnik / Нұрхан ГүлбаршынКүз айлары – құрмалардың пісетін маусымы. Әр үйдің ауласында құрма жемістері жайқалып өсіп тұрады
6/14
© Sputnik / Нұрхан Гүлбаршын
Күз айлары – құрмалардың пісетін маусымы. Әр үйдің ауласында құрма жемістері жайқалып өсіп тұрады
© Sputnik / Нұрхан ГүлбаршынЧурчхела – Грузияның ұлттық тәттілері. Сырты қайнатылған жүзімнен, ал ішіне жаңғақ, фундук қосып дайындалады
7/14
© Sputnik / Нұрхан Гүлбаршын
Чурчхела – Грузияның ұлттық тәттілері. Сырты қайнатылған жүзімнен, ал ішіне жаңғақ, фундук қосып дайындалады
© Sputnik / Нұрхан ГүлбаршынГрузия тұрғындары үй балконына жуылған киімдерді жайып қояды. Қаланы аралай жүріп мұндай көріністі жиі кездестіресіз
8/14
© Sputnik / Нұрхан Гүлбаршын
Грузия тұрғындары үй балконына жуылған киімдерді жайып қояды. Қаланы аралай жүріп мұндай көріністі жиі кездестіресіз
© Sputnik / Нұрхан ГүлбаршынТбилиси қаласының түнгі көрінісі. Орта ғасырда салынған шіркеу
9/14
© Sputnik / Нұрхан Гүлбаршын
Тбилиси қаласының түнгі көрінісі. Орта ғасырда салынған шіркеу
© Sputnik / Нұрхан ГүлбаршынТбилиси қаласының ескі ауданы түрлі моншаларымен де танымал. Бұл моншаға Пушкин жиі барған. Қазір "Пушкин моншалары" деп атады
10/14
© Sputnik / Нұрхан Гүлбаршын
Тбилиси қаласының ескі ауданы түрлі моншаларымен де танымал. Бұл моншаға Пушкин жиі барған. Қазір "Пушкин моншалары" деп атады
© Sputnik / Нұрхан ГүлбаршынҚара теңіз – әлемдегі ең әдемі теңіздердің бірі. Батуми қаласынан Қара теңіздің жағалауын тамашалауға болады. Одан бөлек бұл теңіздің жағалауында Ресей, Украина, Румыния, Беларусь және Туркия орналасқан
11/14
© Sputnik / Нұрхан Гүлбаршын
Қара теңіз – әлемдегі ең әдемі теңіздердің бірі. Батуми қаласынан Қара теңіздің жағалауын тамашалауға болады. Одан бөлек бұл теңіздің жағалауында Ресей, Украина, Румыния, Беларусь және Туркия орналасқан
© Sputnik / Нұрхан ГүлбаршынТбилиси қаласына жақын орналасқан Жинвал су қоймасы. Бұл қолдан жасалған, суы мөлдір әрі таза ерекше мекен. Жазда туристер суға түсіп, әсем табиғатты тамашалау үшін келеді
12/14
© Sputnik / Нұрхан Гүлбаршын
Тбилиси қаласына жақын орналасқан Жинвал су қоймасы. Бұл қолдан жасалған, суы мөлдір әрі таза ерекше мекен. Жазда туристер суға түсіп, әсем табиғатты тамашалау үшін келеді
© Sputnik / Нұрхан ГүлбаршынҚазбегі таулары – Грузия мен Ресей шекарасында орналасқан. Аспанмен таласқан алып таулар Грузияның ең көрікті орны саналады
13/14
© Sputnik / Нұрхан Гүлбаршын
Қазбегі таулары – Грузия мен Ресей шекарасында орналасқан. Аспанмен таласқан алып таулар Грузияның ең көрікті орны саналады
© Sputnik / Нұрхан ГүлбаршынГрузиядағы әйгілі махаббаттың үлгісі "Әли мен Нино" ескерткіші. Батуми қаласында, Қара теңіздің жағалауында орналасқан қыз бен жігіттің ескерткіші әр кеш сайын сағат 19:00-де бір-бірімен түйіседі. ұл көрініс тек 10 минутқа созылып, екеуі қайтадан ажырап кетеді
14/14
© Sputnik / Нұрхан Гүлбаршын
Грузиядағы әйгілі махаббаттың үлгісі "Әли мен Нино" ескерткіші. Батуми қаласында, Қара теңіздің жағалауында орналасқан қыз бен жігіттің ескерткіші әр кеш сайын сағат 19:00-де бір-бірімен түйіседі. ұл көрініс тек 10 минутқа созылып, екеуі қайтадан ажырап кетеді