Қоғам

Назарбаев балалық шағында болған жайтты еске алды

© Официальный сайт Президента КазахстанаНурсултан Назарбаев посетил праздничные мероприятия в честь Наурыза, архивное фото
Нурсултан Назарбаев посетил праздничные мероприятия в честь Наурыза, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
"Qazaq: Алтын адамның тарихы" деректі фильмінің кезекті сериясы эфирге шықты
АЛМАТЫ, 5 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев режиссер Оливер Стоунның деректі фильмінің кезекті сериясында киіз үйдің тарихы туралы айтып, балалық шағында біраз уақыт киіз үйде қалай өмір сүргенін еске алды.
Елбасының айтуынша, киіз үйдің тарихы бірнеше мыңжылдықтан басталады. Бірнеше ғасыр бұрын көшпенді болған қазақтар үшін ыңғайлы, қолайлы баспана.
"Киіз үй үш мың жыл бұрын пайда болды. Мүмкін одан да көп шығар. Өйткені бұл өте ыңғайлы үй. Керегенің мына қабырғалары бөлек-бөлек алынады. Ағаштан жасалған, бөлшектеу және жинау өте оңай. Ең басты экспонат - шаңырақ. Барлығы жойылса да, әрбір ру немесе отбасы әкесінің шаңырағын сақтап қалуға тырысқан. Шаңырақ әрқашан сақталған. Қалған құрылыстың бәрін әкелерінің қасиетті шаңырағының астында тұрғызып, өмір сүрген. Қараңызшы, әлемнің барлық күмбездері осыдан алынған. Себебі, мұндай құрылғы қатты желден құтқарды, құламайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Оның айтуынша, сонау балалық шағында ол өзі бірнеше рет киіз үйде түнеген.
"Балалық шағымда киіз үйде тұрған кездер болды. Анау жерде әкемнің сырткиіміне оранып ұйықтадым. Жаңбырдың киізге түскен дыбысын естіп, тәтті ұйықтайтынмын", - деп еске алды Елбасы,
2021 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Qazaq: Алтын адамның тарихы" атты сегіз бөлімнен тұратын деректі фильмнің премьерасы өтті.
Фильмді бірнеше республикалық телеарналардан көруге болады:
  • Хабар: демалыс күндері - 2021 жылдың 4, 5, 11, 12 желтоқсаны (күніне екі сериядан). Трансляция уақыты: 22:00.
  • Бірінші арна. Еуразия - жұмыс күндері сағат 20:40-та. Көрсетілім 1 желтоқсанда басталды.
  • КТК - жұмыс күндері 18:40-та, ал демалыс күндері 18:30-да. Көрсетілім 1 желтоқсанда басталды.
Жаңалықтар
0