https://sputnik.kz/20211204/toqaev-komekshi-zeynetaqy-jinagy-18826265.html
Тоқаевтың экс-көмекшісі зейнетақы жинағының жеткілікті шегіне қатысты ойын айтты
Тоқаевтың экс-көмекшісі зейнетақы жинағының жеткілікті шегіне қатысты ойын айтты
Sputnik Қазақстан
Белгілі экономист зейнетақыны алу үшін жинақтың жеткілікті шегінің жаңа мөлшері тым жоғары және қазақстандықтардың көпшілігі үшін қолжетімді емес екенін алға... 04.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-04T18:46+0500
2021-12-04T18:46+0500
2022-02-01T13:05+0500
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
президенттің көмекшісі
зейнетақы жинағы
https://sputnik.kz/img/765/59/7655968_0:4:4975:2818_1920x0_80_0_0_ce73ebf6269691ab39691f44d4ee475e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Экономист және президенттің бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергенов келер жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін ең төменгі жеткілікті шегінің артуына қатысты пікірін білдірді.Құдайбергеновтың айтуынша, жеткілікті шекті көтеру формуласында көптеген логикалық қате бар. Ол есептеу кезінде БЖЗҚ мамандары ең төменгі жалақының (ЕТЖ) жыл сайынғы өзгеруін және жыл сайынғы өсу процентін ескерді. Мұндай шешім екі түрлі есептеуге алып келді. "Ең төменгі жалақы ЕТЖ-дан немесе ең төменгі зейнетақыдан барынша көп мәнді таңдау үшін пайдаланылады. Мен қателесуім мүмкін. Бірақ іс жүзінде зейнеткерлер алатын сома әлі де ең төменгі зейнетақы негізінде есептеледі. Егер олай болса, онда формулада шекті шамадан тыс көтеретін ең төменгі жалақыны қолданудың қандай қажеті қанша?", - деп жазды экономист өзінің Facebook парақшасында.Сондай-ақ Олжас Құдайбергенов БЖЗҚ формуласында зейнетақы төлемдерінің шекті жасы қолданылатынын айтты."Ерлердің орташа өмір ұзақтығы 67 жыл делік, бірақ барлығы 82 жасқа дейін өмір сүретіндей шек есептелген. Жеткіліктілік шегін бұрмалайтын басқа да ұсақ-түйек бар. Мәселен, 20 жастағы адамда 3 миллион теңге жеткіліктілік шегі болады деген де қисынсыз", - деп нақтылады сарапшы.Құдайбергенов Қазақстандағы орташа ресми жалақы 230 мың теңге екеніне назар аударды. Ал жеткіліктілік шегінің жаңа мөлшеріне сай келу үшін 31 жастағы адам оқу бітіргеннен кейінгі бірінші айдан бастап 10 жыл бойы 375 мың теңгеден алуы қажет еді.Кеше, 3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі күрт өсетіні белгілі болды.Егер 2021 жылы 20 жастағы салымшы үшін жеткілікті шек мөлшері 1 710 000 теңге болса, 2022 жылдан бастап ол 3 140 000 теңге болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/765/59/7655968_0:0:4975:3127_1920x0_80_0_0_240d48ba9f7c1065434500af6b4ec45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу, қасым-жомарт тоқаев, президенттің көмекшісі, зейнетақы жинағы
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу, қасым-жомарт тоқаев, президенттің көмекшісі, зейнетақы жинағы
Тоқаевтың экс-көмекшісі зейнетақы жинағының жеткілікті шегіне қатысты ойын айтты
18:46 04.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Белгілі экономист зейнетақыны алу үшін жинақтың жеткілікті шегінің жаңа мөлшері тым жоғары және қазақстандықтардың көпшілігі үшін қолжетімді емес екенін алға тартты
НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Экономист және президенттің бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергенов келер жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін ең төменгі жеткілікті шегінің артуына қатысты пікірін білдірді.
Құдайбергеновтың айтуынша, жеткілікті шекті көтеру формуласында көптеген логикалық қате бар. Ол есептеу кезінде БЖЗҚ мамандары ең төменгі жалақының (ЕТЖ) жыл сайынғы өзгеруін және жыл сайынғы өсу процентін ескерді. Мұндай шешім екі түрлі есептеуге алып келді.
"Ең төменгі жалақы ЕТЖ-дан немесе ең төменгі зейнетақыдан барынша көп мәнді таңдау үшін пайдаланылады. Мен қателесуім мүмкін. Бірақ іс жүзінде зейнеткерлер алатын сома әлі де ең төменгі зейнетақы негізінде есептеледі. Егер олай болса, онда формулада шекті шамадан тыс көтеретін ең төменгі жалақыны қолданудың қандай қажеті қанша?", - деп жазды экономист өзінің Facebook парақшасында.
Сондай-ақ Олжас Құдайбергенов БЖЗҚ формуласында зейнетақы төлемдерінің шекті жасы қолданылатынын айтты.
"Ерлердің орташа өмір ұзақтығы 67 жыл делік, бірақ барлығы 82 жасқа дейін өмір сүретіндей шек есептелген. Жеткіліктілік шегін бұрмалайтын басқа да ұсақ-түйек бар. Мәселен, 20 жастағы адамда 3 миллион теңге жеткіліктілік шегі болады деген де қисынсыз", - деп нақтылады сарапшы.
Құдайбергенов Қазақстандағы орташа ресми жалақы 230 мың теңге екеніне назар аударды. Ал жеткіліктілік шегінің жаңа мөлшеріне сай келу үшін 31 жастағы адам оқу бітіргеннен кейінгі бірінші айдан бастап 10 жыл бойы 375 мың теңгеден алуы қажет еді.
Кеше, 3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі күрт өсетіні белгілі болды.
Егер 2021 жылы 20 жастағы салымшы үшін жеткілікті шек мөлшері 1 710 000 теңге болса, 2022 жылдан бастап ол 3 140 000 теңге болады.