https://sputnik.kz/20211204/Ayazhan-Edilova-sot-18823931.html
Аяжан Еділованы өлтірді деп айыпталған күдікті сотта жауап берді
Аяжан Еділованы өлтірді деп айыпталған күдікті сотта жауап берді
Sputnik Қазақстан
Айуандықпен кісі қолынан қаза тапқан Аяжан Еділоваға қатысты сот отырысы жалғасты 04.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-04T08:01+0500
2021-12-04T08:01+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Алматыда Аяжан Еділованы айуандықпен өлтірді деп айыпталып отырған 28 жастағы түркістандық өзіне тағылған айыптармен ішінара келіспей отыр.Сот отырысында айыпталушы өрімдей қызды өлтіргенін мойындаған. Бірақ зорлық көрсеткенін теріске шығарып әлек, деп хабарлады "Астана" арнасы.Осы көктемде іс-түзсіз жоғалып, кейін бөлшектелген денесі табылған Аяжанның оқиғасы естіген елдің жағасын ұстатқан еді. Жантүршігерлік қылмысқа қатысты бүгін екінші сот отырысы өтті. Зорлау дерегі болғандықтан процесс жабық режимде, онлайн форматта болды. Бес куәгерден жауап алынды. Олар марқұмның екі туысы мен таныстары.Жәбірленуші тараптың заңды өкілінің айтуынша, айыпталушы кінәсін толық мойындамаған. Жәбірленушілер қылмыс жасаған адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру қажет деген пікірде. Оның айыбын дәлелдеу үшін барлық дәйекті ұсынамыз дейді.Атышулы іс 30 томнан тұрады. Процесті судья Еркін Майшынов қарауда.Естеріңізге салсақ, қанды қылмыс биыл наурыз айында болды. Жұмыстан шығып, іс-түзсіз жоғалған Аяжанның денесі Нұркент ықшамауданындағы пәтерден табылған еді.Оқи отырыңыз: Аяжан Еділованың өлімі: айыпталушы алқабилер сотынан бас тартты Айыпталушы 28 жастағы Түркістан облысының тумасы. Бұрын-соңды сотталмаған. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Келесі сот отырысы 9 желтоқсанға өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Аяжан Еділованы өлтірді деп айыпталған күдікті сотта жауап берді
08:01 04.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Айуандықпен кісі қолынан қаза тапқан Аяжан Еділоваға қатысты сот отырысы жалғасты
НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Алматыда Аяжан Еділованы айуандықпен өлтірді деп айыпталып отырған 28 жастағы түркістандық өзіне тағылған айыптармен ішінара келіспей отыр.
Сот отырысында айыпталушы өрімдей қызды өлтіргенін мойындаған. Бірақ зорлық көрсеткенін теріске шығарып әлек, деп хабарлады "
Астана" арнасы.
Осы көктемде іс-түзсіз жоғалып, кейін бөлшектелген денесі табылған Аяжанның оқиғасы естіген елдің жағасын ұстатқан еді. Жантүршігерлік қылмысқа қатысты бүгін екінші сот отырысы өтті. Зорлау дерегі болғандықтан процесс жабық режимде, онлайн форматта болды. Бес куәгерден жауап алынды. Олар марқұмның екі туысы мен таныстары.
Жәбірленуші тараптың заңды өкілінің айтуынша, айыпталушы кінәсін толық мойындамаған.
"Сотталушы Төребеков адам өлтіргенін мойындап, зорлағанын жоққа шығарып отыр. Енді қыздың зорланғанын дәлелдеу үшін жұмыс істейміз", - дейді жәбірленуші тараптың заңды өкілі Қадыржан Ғалымжанұлы.
Жәбірленушілер қылмыс жасаған адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру қажет деген пікірде. Оның айыбын дәлелдеу үшін барлық дәйекті ұсынамыз дейді.
Атышулы іс 30 томнан тұрады. Процесті судья Еркін Майшынов қарауда.
Естеріңізге салсақ, қанды қылмыс биыл наурыз айында болды. Жұмыстан шығып, іс-түзсіз жоғалған Аяжанның денесі Нұркент ықшамауданындағы пәтерден табылған еді.
Айыпталушы 28 жастағы Түркістан облысының тумасы. Бұрын-соңды сотталмаған. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Келесі сот отырысы 9 желтоқсанға өтеді.