Елорда тынысы

"Қар дұрыс тазаланбайды": Көлгінов сынға жауап берді

© Sputnik / Владислав ВодневСнежный коллапс в Нур-Султане
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2021
Жазылу
Қала басшысы қар тазалауға өзге өңірден техника алынып жатқанын жеткізді. Желтоқсан-қаңтар айында бас қаланы тазартуға облыстардан коммуналдық қызметкерлер тартылады
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада қар дұрыс тазаланбайды дейтіндерге жауап берді.
24 қарашада астанада қалың қар түсті. Он күн өтсе де, қаланың кейбір аудандарында, әсіресе, жаяу жүргінші жолында қар әлі тазаланбаған. Осыған байланысты астаналықтар коммуналдық қызметтер жұмысына шағымдануда. 
Алтай Көлгінов "Астана Тазалық" коммуналдық кәсіпорны жалпы көлемнің 40%-ін, ал қалғанын жеке мердігерлер тазалайтынын жеткізді.
"Қалыптасқан норматив пен ереже бар. Толассыз қар жауған кезде көлікке жүктеме артпас үшін магистралды жолдарды тазарту керек. Кейін әлеуметтік нысандар, жаяу жүргінші жолдары, аялдамалар тазартылады. Бұдан соң ғана қызметкерлер көшелерге кіріседі. Қарашада толассыз қар жауған кезде бұл жұмысқа 2 мың арнайы коммуналдық техника тартылды", - деді астаналық әкім.
Ол кейбір ресейлік қалалардағы жағдайды мысалға келтірді. Көрші елде жолдар A, B және C санаттарына бөлінген. 10-15 сантиметр қар түссе, А санаттағы жолды тазалауға 12 күнге дейін, ал В санаттағы учаскелерге 16 не одан да көп күн беріледі.
"Бізде алғашқы екі-үш күн қар тазаланады, кейін 3-5 күн немесе одан да көп уақыт оны шығаруға кетеді. Біздің климатты ескерсек, бұл өте үлкен жүктеме. Сондықтан қосымша техника алып, жеке құрылымдарды көмекке тарттық. "Астана Тазалықта" 2 мың адам жұмыс істеп жүр", - деді Нұр-Сұлтан әкімі.
Қала басшысы қар тазалауға өзге өңірден техника алынып жатқанын жеткізді. Желтоқсан-қаңтар айында бас қаланы тазартуға облыстардан коммуналдық қызметкерлер тартылады.
Жаңалықтар
0