Өңірлер

Бөлмеде болған жанжалдан кейін павлодарлық прокурор екі рет қызметінен босатылды

© Sputnik / Тимур БатыршинПрокурские погоны
Прокурские погоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2021
Жазылу
Сот прокурор мен оның көмекшісінің жұмысқа қайта қабылдау туралы өтінішін қанағаттандырмады: әділсот өкілдері прокурорлар қызметтік әдепті бұзды деген шешімге келді
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан - Sputnik. Павлодар обылысы Железинск ауданындағы прокурорға қызметіне қайта кірісуге рұқсат берген сот шешімінен кейін апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойды. Прокурор қызмет орнын қайта босатуға мәжбүр болды. Бұл туралы Павлодар облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі өңірлік коммуникациялар қызметінде Асхат Қоқымбаев хабарлады.
"Қызметі қайта қалпына келтірілгеннен кейін Железинск ауданының прокуроры бұрынғы жұмыс орнында бір ай еңбек етті. Қазіргі уақытта бұл қызметкерлер прокуратура органдарында жұмыс істемейді", - деді Қоқымбаев.
Белгілі болғандай, Нұр-Сұлтандағы апелляциялық сот Павлодар облысы Железинск ауданының прокуроры Кәрім Шұғаевты қызметіне қайта кірісуге рұқсат еткен Есіл аудандық соты шығарған шешімнің күшін жойды. Ал Павлодар қалалық соты дәл осындай талапарыз ұсынған прокурор көмекшісі Әлібек Айтжановтың өтінішін де қанағаттандырмады.
Sputnik Қазақстан хабарлағандай, Нұр-Сұлтандағы Есіл аудандық соты Бас прокуратурадағы бұрынғы прокурордың талапарызын қарастырып, 2021 жылдың 8 маусымында Шұғаевтың Павлодар облысы Железинск ауданының прокуроры қызметіне қайта кірісуіне рұқсат етті.
Сондай-ақ бас прокуратура жұмыстан босатылған прокурор пайдасына мәжбүрлі демалыста болғаны үшін бір миллион екі жүз елу бес мың алты жүз алпыс тоғыз теңге өндіріп алды. Сот құжатында қызметін қайтару және жалақыны өндіріп алу шұғыл түрде орындауды қажет ететіні жазылған.
Бірақ 23 қарашада Нұр-Сұлтандағы апелляциялық сатыдағы сот Есіл аудандық сотының шешімін кері қайтарып, экс-прокурор мен оның көмекшісіне қатысты шешімнің күшін жоятын жаңа қаулы шығарды.
25 қарашада Павлодар облыстық сотына жолданған оның көмекшісі Әлібек Айтжановтың талапарызын Павлодар қалалық соты қабылдап, сол бойынша оған қатысты дәл осындай шешім шығарды. Оның қызметтік лауазымын қалпына келтіру туралы өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды.
Белгілі болғандай, 23 мамырда Железинск аудандық прокуратурасының ғимаратында аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Рахым Өнбаев аудан прокуроры көмекшісімен арадағы жанжалдан кейін өзінің оң иығына оқ атқан. Зардап шеккен тергеуші ауруханаға жатқызылды. Оның туыстары айтып бергендей, полицейді прокуратураға шақырған кезде прокурор мен оның көмекшісі ішімдік ішіп отырған және оқ атылғаннан кейін жайылған дастархан "көзін құртуға" тырысып, жедел жәрдем шақыруға асықпаған.
Бұл оқиғаны кейінірек облыстық прокуратураның тәртіп жөніндегі комиссиясы қарады. Комиссия шешімімен осы жылдың маусымында Железинск ауданының прокуроры мен оның көмекшісі қызметтен босатылды. Содан кейін екі азамат та қызметке қайтару туралы сотқа талапарыз ұсынып, бұл оқиғада өздерінің кінәсіз екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
0