https://sputnik.kz/20211203/aqtau-kolik-video-18819511.html
Ақтауда көлік ағаштарды қиратып, қызды қақты – оқиғаның видеосы жарияланды
Ақтауда көлік ағаштарды қиратып, қызды қақты – оқиғаның видеосы жарияланды
Sputnik Қазақстан
Облыстық полиция департаменті бұл оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілгенін хабарлады 03.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-03T15:35+0500
2021-12-03T15:35+0500
2023-08-10T16:53+0500
оқиға
көлік
видео
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/15/15796365_0:78:1280:798_1920x0_80_0_0_98118bf78d7ccc93c2d28343a9181c5e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда жаяу жүргіншілер жолында тұрғынды көлік қақты. Желіде осы сәттің видеосы тарады.Кадрда қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік тротуарға шығып кетіп, жас ағаштарды сындырғаны көрінеді. Машина қызды соққанға дейін бірнеше метр жүріп өтті. Кейбір адамдар көліктен қашып үлгерді, деп жазады Lada.kz.Оқиға 2 желтоқсанда кешкі он шамасында 12-ші шағын ауданда болған. Toyota Sienna жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Куәгерлер рөлде әйел отырғанын айтты.Зардап шеккен 28 жастағы тұрғын аса ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Облыстық полиция департаменті бұл оқиға қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігіне сай ("көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілгенін хабарлады.Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам екі мың айлық есептік көрсеткішке (5 миллион 800 мың теңгеден астам) дейін айыппұл арқалауы мүмкін. Дәл осы мерзімге түзету жұмысына немесе алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы да қарастырылған. Екі жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе дәл осы мерзімге түрмеге қамалуы мүмкін.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/15/15796365_107:0:1244:853_1920x0_80_0_0_4b6aab0e4e8162dc760365403735536b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, ақтау
Ақтауда көлік ағаштарды қиратып, қызды қақты – оқиғаның видеосы жарияланды
15:35 03.12.2021 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) Облыстық полиция департаменті бұл оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілгенін хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда жаяу жүргіншілер жолында тұрғынды көлік қақты. Желіде осы сәттің видеосы тарады.
Кадрда қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік тротуарға шығып кетіп, жас ағаштарды сындырғаны көрінеді. Машина қызды соққанға дейін бірнеше метр жүріп өтті. Кейбір адамдар көліктен қашып үлгерді, деп жазады
Lada.kz.
Оқиға 2 желтоқсанда кешкі он шамасында 12-ші шағын ауданда болған. Toyota Sienna жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Куәгерлер рөлде әйел отырғанын айтты.
Зардап шеккен 28 жастағы тұрғын аса ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.
Облыстық полиция департаменті бұл оқиға қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігіне сай ("көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілгенін хабарлады.
Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам екі мың айлық есептік көрсеткішке (5 миллион 800 мың теңгеден астам) дейін айыппұл арқалауы мүмкін. Дәл осы мерзімге түзету жұмысына немесе алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы да қарастырылған. Екі жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе дәл осы мерзімге түрмеге қамалуы мүмкін.