https://sputnik.kz/20211203/Subsidiya-mindetteme-AShM-18817001.html
Субсидия алатындарға қосымша міндеттеме жүктеледі – АШМ
Субсидия алатындарға қосымша міндеттеме жүктеледі – АШМ
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қолдау тек ірі емес, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтары үшін де қолжетімді болуы үшін субсидия бөлу... 03.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-03T13:22+0500
2021-12-03T13:22+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
субсидиялар
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0b/15447283_0:310:3072:2048_1920x0_80_0_0_79f794f5c0df4a2bbe377334ebb0e965.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау жүйесі реформаланады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.Сенатта "Ауыл шаруашылығын дамыту проблемалары мен перспективалары" тақырыбында өткен парламент тыңдауында министр ауыл шаруашылығындағы субсидиялар негізінен ірі бизнес субъектілеріне бейімделгенін айтты.Сонымен қатар нақты индикативті көрсеткішке қол жеткізу үшін субсидия алушыларға сәйкес үстеме міндеттемелерді қабылдайтын норма енгізіліп жатыр.Сондай-ақ субсидия ұсыну механизмдерін одан әрі жетілдіру мәселесі цифрландырудың жаңа платформасын енгізу арқылы іске асырылады.Министр ауыл шаруашылығы министрлігінде құрамына салалық қауымдастықтар мен одақтар, агробизнес, ғылым, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің өкілдері кірген арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты."Жалпы субсидиялау механимдерін жетілдіру жұмыстары бізге оның экономикаға ықпалын бағалауға, субсидия алу процесіне адами факторлардың әсерін азайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың тұрақтылығын сақтап қалуға ықпал ететін жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деді Қарашөкеев.Тыңдауға қатысқандар ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидия алу процесін автоматтандыру, ауыл шаруашылығы жерлерін, соның ішінде мал санына қарай жайылым жерлерін есепке алу және бөлуді цифрландыру бойынша ақпараттық жүйені әзірлеу арқылы субсидиялау және оның әділдігін қамтамасыз ету механизмін пысықтауды ұсынды.Оқи отырыңыз: "Шынымен жаның ашиды" – Дана Нұржігіт ауылдардың қазіргі жағдайы жайлы Сондай-ақ субсидия алушылар үшін бюджет қаражаты көлемін жоспарлау жүйесін енгізу және инвестициялаудың әлдеқайда өзекті бағыттарын қолдауға арналған шаралар құру ұсынылды.Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы министрлігі қайтарымды және мақсатты негіздегі жеңілдетілген кредиттеу түріндегі, соның ішінде бюджеттік емес қаражат аясында оларды оңтайлы пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу арқылы қолдаудың нарықтық құралдарын қолдану мүмкіндігін қарастырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0b/15447283_0:118:3072:2048_1920x0_80_0_0_b4d8fa9975533565a9c8b291ff0b9a39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
субсидиялар
Субсидия алатындарға қосымша міндеттеме жүктеледі – АШМ
13:22 03.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қолдау тек ірі емес, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтары үшін де қолжетімді болуы үшін субсидия бөлу жүйесіндегі теңсіздікті жоюды жоспарлап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау жүйесі реформаланады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
Сенатта "Ауыл шаруашылығын дамыту проблемалары мен перспективалары" тақырыбында өткен парламент тыңдауында министр ауыл шаруашылығындағы субсидиялар негізінен ірі бизнес субъектілеріне бейімделгенін айтты.
"Субсидиялау жүйесі реформаланады. Бұл ең алдымен оның механизмдерін жеңілдету және бағыттарды оңтайландыру, барлық субъекті үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. Субсидиялар ақырғы нәтижеге қол жеткізуге бағытталады", - деді министр.
Сонымен қатар нақты индикативті көрсеткішке қол жеткізу үшін субсидия алушыларға сәйкес үстеме міндеттемелерді қабылдайтын норма енгізіліп жатыр.
Сондай-ақ субсидия ұсыну механизмдерін одан әрі жетілдіру мәселесі цифрландырудың жаңа платформасын енгізу арқылы іске асырылады.
Министр ауыл шаруашылығы министрлігінде құрамына салалық қауымдастықтар мен одақтар, агробизнес, ғылым, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің өкілдері кірген арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты.
"Жалпы субсидиялау механимдерін жетілдіру жұмыстары бізге оның экономикаға ықпалын бағалауға, субсидия алу процесіне адами факторлардың әсерін азайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың тұрақтылығын сақтап қалуға ықпал ететін жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деді Қарашөкеев.
Тыңдауға қатысқандар ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидия алу процесін автоматтандыру, ауыл шаруашылығы жерлерін, соның ішінде мал санына қарай жайылым жерлерін есепке алу және бөлуді цифрландыру бойынша ақпараттық жүйені әзірлеу арқылы субсидиялау және оның әділдігін қамтамасыз ету механизмін пысықтауды ұсынды.
Сондай-ақ субсидия алушылар үшін бюджет қаражаты көлемін жоспарлау жүйесін енгізу және инвестициялаудың әлдеқайда өзекті бағыттарын қолдауға арналған шаралар құру ұсынылды.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы министрлігі қайтарымды және мақсатты негіздегі жеңілдетілген кредиттеу түріндегі, соның ішінде бюджеттік емес қаражат аясында оларды оңтайлы пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу арқылы қолдаудың нарықтық құралдарын қолдану мүмкіндігін қарастырады.