Елорда тынысы

Көлгінов елордада үлескерлердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

© Sputnik / Елена БережнаяДольщики элитного комплекса остались без денег и жилья
Дольщики элитного комплекса остались без денег и жилья - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2021
Жазылу
Кейбір үйлердің құрылысы 15-16 жылға созылған. 2023 жылы елордадағы үлескерлер мәселесі толық шешіледі деп жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Нұр-Сұлтанда 16 мың үлескердің 13 мыңының мәселесі шешілді. 
Биыл Нұр-Сұлтанда тағы 57 тұрғын үй құрылысы аяқталады. 2022-23 жылдары қалған көпқабатты үйлерді аяқтау жоспарлануда. 
"Ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау бойынша ауқымды, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың жазында 52 нысан ұзақ құрылыс ретінде есептелген еді, бұл дегеніміз 150 көппәтерлі тұрғын үй кешені. 2019-2020 жылдары біз 33 көппәтерлі тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға бердік. 5 мыңнан астам үлескер отбасы ұзақ жылдар бойы күткен пәтерлерін сатып алды. Биыл тағы 57 көппәтерлі тұрғын үй кешенін аяқтаймыз", - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов брифинг барысында.
Әкімнің айтуынша, келесі жылы тағы 40 көппәтерлі тұрғын үйді, 2023 жылы 20 тұрғын үй салу көзделіп отыр. Осылайша 2023 жылы елордадағы үлескерлер мәселесі толық шешіледі деп жоспарланған.
Елорда әкімі кейбір үйлердің құрылысы 15-16 жылға созылғанын айтты. Үлестік құрылыстың барлық нысандарында әр түрлі көрініс болды: бір жердің тек шұңқыры қазылған болса, бір жерде үйдің қаңқасы ға бар. Енді бір жерде құрылысшы бір пәтерді 4-5 адамға сатқан. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0