Ерекше түйсік иелері: төрт аяқты достардың суреттері
17:07 02.12.2021 (жаңартылды: 09:46 02.02.2022)
Жазылу
Бүгінде қоғамды ит пен мысық немесе басқа да үй жануарынсыз елестету мүмкін емес. Оларды иелері өз баласындай еркелетіп, жоғары деңгейде қамқорлық танытуға дағдыланған
Бұрынғы уақытта үйдегі кеміргіштермен күресу және үй-ауланы күзеті үшін ғана қажет болған жануарларды қазір үйдің қақ төрінен кездестіруге болады. Кейбір иелері оларға арнайы киіп тіктіріп, сән көрсетіліміне де қатыстырады.
Сонымен қатар күздің соңғы күнінде үй жануарларының күнін атау әдетке айналған. Бұл бейресми мереке әлемнің көп елінде аталады. Дата адам баласына өз қамқорлығына алған жануарларға қамқорлықпен қарауды еске салады.
Жануарлардың құқығын қорғау және оларға қатысты зорлық пен қатыгездікті жазалау мәселесі әлі де өзектілігін жойған жоқ. Қазіргі уақытта әлемнің түкпір-түкпірінде осы тақырыпта түрлі акциялар, флешмобтар мен қаражат жинау шаралары өтуде.
Мұндай шаралар адам баласын аң-құс пен жан-жануарға мейірімділік танытуға, оларды жақсы көруге және қамқорлық танытуға үгіттейді. Бұл, әсіресе, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аса маңызды.
© REUTERS / P. RAVIKUMARТөрт аяқтылар ондаған мыңжылдық бойы адамзатпен бірге етене тіршілік етіп келеді. Оларды адалдық эталоны деп атауға болады. Суретте: Үндістандағы нөсер кезінде ер адам дірілдеген таксаны сырт киімінің ішіне тығып жатыр
1/13
© REUTERS / P. RAVIKUMAR
Төрт аяқтылар ондаған мыңжылдық бойы адамзатпен бірге етене тіршілік етіп келеді. Оларды адалдық эталоны деп атауға болады. Суретте: Үндістандағы нөсер кезінде ер адам дірілдеген таксаны сырт киімінің ішіне тығып жатыр
© REUTERS / CARLO ALLEGRIЕгер он мың жылдан бері адам жанында өмір сүріп келе жатқан мысықтар туралы айтатын болсақ, онда үй мысығы алғаш рет Таяу Шығыста неолит дәуірінде пайда болды және оның бүкіл әлемге таралуы Классикалық кезеңде (б.з.д. V-IV ғғ.) күшейе түсті. Бұл шақта Мысыр мысығы бүкіл Ескі әлемде "сәнге айналды". Бүгінде жұмсақ түкті бұл жануарды баладан бастап ересекке дейін жақсы көреді: Суретте: Нью-Йорк мэрі қызметіне үміткерлердің бірі сайлау учаскесіне үй жануарымен келді
2/13
© REUTERS / CARLO ALLEGRI
Егер он мың жылдан бері адам жанында өмір сүріп келе жатқан мысықтар туралы айтатын болсақ, онда үй мысығы алғаш рет Таяу Шығыста неолит дәуірінде пайда болды және оның бүкіл әлемге таралуы Классикалық кезеңде (б.з.д. V-IV ғғ.) күшейе түсті. Бұл шақта Мысыр мысығы бүкіл Ескі әлемде "сәнге айналды". Бүгінде жұмсақ түкті бұл жануарды баладан бастап ересекке дейін жақсы көреді: Суретте: Нью-Йорк мэрі қызметіне үміткерлердің бірі сайлау учаскесіне үй жануарымен келді
© REUTERS / TINGSHU WANGЖануарларды қолға үйрету туралы түпнұсқа дерек жоқ. Себебі жазбаша жазбаша дереккөз сақталмаған, ал археология бұл мәселеде ақсаңдап келеді. Әлбетте, қолға үйретуге тамақ іздеп келген жабайы аң себепші болды. Тамақтандыруды әдетке айналдыру арқылы адамдар қауіпті көршіні кәдеге жарата алды
3/13
© REUTERS / TINGSHU WANG
Жануарларды қолға үйрету туралы түпнұсқа дерек жоқ. Себебі жазбаша жазбаша дереккөз сақталмаған, ал археология бұл мәселеде ақсаңдап келеді. Әлбетте, қолға үйретуге тамақ іздеп келген жабайы аң себепші болды. Тамақтандыруды әдетке айналдыру арқылы адамдар қауіпті көршіні кәдеге жарата алды
© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVҚазіргі уақытта батыс әлемінде мысықты сүйетіндер өте көп. Ежелгі уақытта мысықтар ауылдардағы және кемелердегі кеміргіштермен күресу үшін ғана қолданылды. Сонымен қатар мысықтар осылай адамдарды кеміргіштер арқылы таралатын көптеген қауіпті аурулардан қорғады. Сондықтан үй мысығының рөлін жете бағаламауға болмайды. Суретте: Алматыдағы саябақта қос мысық құстарды бақылап отыр
4/13
© REUTERS / PAVEL MIKHEYEV
Қазіргі уақытта батыс әлемінде мысықты сүйетіндер өте көп. Ежелгі уақытта мысықтар ауылдардағы және кемелердегі кеміргіштермен күресу үшін ғана қолданылды. Сонымен қатар мысықтар осылай адамдарды кеміргіштер арқылы таралатын көптеген қауіпті аурулардан қорғады. Сондықтан үй мысығының рөлін жете бағаламауға болмайды. Суретте: Алматыдағы саябақта қос мысық құстарды бақылап отыр
© REUTERS / THOMAS PETERБіраз бұрын иттерді қолға үйрету Азияда шамамен 15 мың жыл бұрын болған деп есептелді. Бірақ жақында археологтар Франциядағы Шове үңгірінде палеолит дәуіріне жататын баланың табанының жанынан қасқыр табанының ізін тапты. Бұл иттерді қолға үйрету 30 000 жылдан астам уақыт бұрын пайда болғанын білдіреді
5/13
© REUTERS / THOMAS PETER
Біраз бұрын иттерді қолға үйрету Азияда шамамен 15 мың жыл бұрын болған деп есептелді. Бірақ жақында археологтар Франциядағы Шове үңгірінде палеолит дәуіріне жататын баланың табанының жанынан қасқыр табанының ізін тапты. Бұл иттерді қолға үйрету 30 000 жылдан астам уақыт бұрын пайда болғанын білдіреді
© REUTERS / FABIAN HAMACHERМысықтар Антарктидадан басқа барлық құрлықта кездеседі. Сондықтан ғалымдар олардың эволюциялық жетістігі даусыз екені айтады. Адаммен ұзақ уақыттан бері бірге өмір сүріп жатқанына қарамастан олар әлі де өз бетінше серуендейді
6/13
© REUTERS / FABIAN HAMACHER
Мысықтар Антарктидадан басқа барлық құрлықта кездеседі. Сондықтан ғалымдар олардың эволюциялық жетістігі даусыз екені айтады. Адаммен ұзақ уақыттан бері бірге өмір сүріп жатқанына қарамастан олар әлі де өз бетінше серуендейді
© REUTERS / DILARA SENKAYAИттердің көзіндегі махаббатқа адам баласының елжірейтінін ескерсек, кім-кімді қолға үйреткені туралы дауласуға болады
7/13
© REUTERS / DILARA SENKAYA
Иттердің көзіндегі махаббатқа адам баласының елжірейтінін ескерсек, кім-кімді қолға үйреткені туралы дауласуға болады
© AP Photo / Pavel GolovkinҮй мысығының ДНҚ-сы жолбарыстыкімен 95,6% сәйкес келетінін білесіз бе? Иә, иә, диванға жайғасқан сүйкімді төрт аяқты әлемдегі ең қауіпті жыртқыштың толық көшірмесі болып табылады
8/13
© AP Photo / Pavel Golovkin
Үй мысығының ДНҚ-сы жолбарыстыкімен 95,6% сәйкес келетінін білесіз бе? Иә, иә, диванға жайғасқан сүйкімді төрт аяқты әлемдегі ең қауіпті жыртқыштың толық көшірмесі болып табылады
© REUTERS / NAVESH CHITRAKARНегізінде иттердің генетикалық эволюциясы адамдікіне ұқсас. Себебі адамдар төрт аяқты серіктерімен бірге қоныс аударып отырған. Иттер адамдар лагеріне кездейсоқ келген қасқырлардан таралған деп санауға болады. Олар қолға үйретілгеннен кейін адамдарға аң аулау мен күзетте көмекші болған. Жаңа зерттеулер көрсеткендей, барлық ит бүгінде көзі жойылған қасқырлардың бір немесе бірнеше ұқсас популяциясынан таралғанын дәлелдеді
9/13
© REUTERS / NAVESH CHITRAKAR
Негізінде иттердің генетикалық эволюциясы адамдікіне ұқсас. Себебі адамдар төрт аяқты серіктерімен бірге қоныс аударып отырған. Иттер адамдар лагеріне кездейсоқ келген қасқырлардан таралған деп санауға болады. Олар қолға үйретілгеннен кейін адамдарға аң аулау мен күзетте көмекші болған. Жаңа зерттеулер көрсеткендей, барлық ит бүгінде көзі жойылған қасқырлардың бір немесе бірнеше ұқсас популяциясынан таралғанын дәлелдеді
© REUTERS / CAITLIN OCHSИттердің әртүрлі тұқымы нақты мақсатты көздеген селекционерлер жұмысының нәтижесі болып отыр. Бірақ ит қай тұқымға жатса да, оның адам баласына деген махаббаты мінсіз
10/13
© REUTERS / CAITLIN OCHS
Иттердің әртүрлі тұқымы нақты мақсатты көздеген селекционерлер жұмысының нәтижесі болып отыр. Бірақ ит қай тұқымға жатса да, оның адам баласына деген махаббаты мінсіз
© REUTERS / JON NAZCAИттердің арғы тегі жабайы қасқыр болғанымен, кейде олар мейірімділіктің ғажайып үлгісі бола алады. Мысалы, мына овчарка жаңа туған екі абданға қамқор болып отыр
11/13
© REUTERS / JON NAZCA
Иттердің арғы тегі жабайы қасқыр болғанымен, кейде олар мейірімділіктің ғажайып үлгісі бола алады. Мысалы, мына овчарка жаңа туған екі абданға қамқор болып отыр
© REUTERS / KAI PFAFFENBACHҚолға үйретілгеннен кейін аңшылық рефлекстері жоғалуына қарамастан, иттердің негізгі қабілеттерінің бірі - иіс сезу мүшесі сол күйінде сақталып қалды. Ол аң ізіне түсіп, олар жақындағанда үреді. Осылайша аңшылық төбеттерге деген қажеттілік туындады. Бір қызығы, иттің адам қолынан тамақтануға дағдыланып, өз бетінше азық табуды ұмытып қалған. Сондықтан ол жемтігін ұстап, оны иесіне әкелуге үйренген
12/13
© REUTERS / KAI PFAFFENBACH
Қолға үйретілгеннен кейін аңшылық рефлекстері жоғалуына қарамастан, иттердің негізгі қабілеттерінің бірі - иіс сезу мүшесі сол күйінде сақталып қалды. Ол аң ізіне түсіп, олар жақындағанда үреді. Осылайша аңшылық төбеттерге деген қажеттілік туындады. Бір қызығы, иттің адам қолынан тамақтануға дағдыланып, өз бетінше азық табуды ұмытып қалған. Сондықтан ол жемтігін ұстап, оны иесіне әкелуге үйренген
© REUTERS / BENOIT TESSIERҚолға үйрету кезінде адам қасқырды алып, оны бірден қолға үйрете алмады. Себебі қасқыр өте қауіпті, ірі жыртқыш. Бірақ иттер арасында да түрлі мінезді төбетті кездестіруге болады. Мысалы, олар өзі тұратын отбасы мүшелерін жақсы көріп, басқа адамдарды жау ретінде қабылдауы мүмкін. Сол сияқты бүкіл адам баласын дос көретін иттер де кездеседі
13/13
© REUTERS / BENOIT TESSIER
Қолға үйрету кезінде адам қасқырды алып, оны бірден қолға үйрете алмады. Себебі қасқыр өте қауіпті, ірі жыртқыш. Бірақ иттер арасында да түрлі мінезді төбетті кездестіруге болады. Мысалы, олар өзі тұратын отбасы мүшелерін жақсы көріп, басқа адамдарды жау ретінде қабылдауы мүмкін. Сол сияқты бүкіл адам баласын дос көретін иттер де кездеседі