Денсаулық

Денсаулыққа зиян – күнделікті тазалық үшін қолданылатын қауіпті әдеттер аталды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуФабрика "Свобода" начала выпуск подарочных наборов к 75-летию Победы
Фабрика Свобода начала выпуск подарочных наборов к 75-летию Победы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2021
Жазылу
Заманауи білім алған мамандар бұрыннан қалыптасқан кейбір әдеттер денсаулық үшін зиян екенін айтып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан — Sputnik. Егде жастағы адамдар бұрыннан қалыптасқан әдеттен арыла алмай жүр. Олардың арасында денсаулыққа зиян әдеттер де бар, деп жазады "Медикфорум" порталы.
Солардың бірі - кір сабынмен жуыну. Қазіргі уақытта да мұндай сабынның пайдасы туралы көп айтылады.
"Мұндай сабынмен жуыну қауіпті болуы мүмкін. Құрамында майлы қышқылдар, саломастар, сілті, натрий мен канифоль болады. Салдарынан дерматитке шалдығу ғажап емес", - деді мамандар.
Бұдан бөлек, кезінде дәретхана қағазы орнына газет қолданған. Қазір де осы әдеттен арыла алмай келе жатқандар бар. Баспа өнімінің бояуында хромат пен қорғасын сульфиді болатынын ескеру керек. 
Тағы бір қауіпті әдет - теріні тазарту үшін одеколон қолдану. 1940-шы жылдардың соңында алғашқы бет бояуы пайда болды. Әйелдер бетін косметикадан тазарту үшін сабынмен жуынған. Кейін ерлер одеколонын пайдалана бастады.
Алайда оның құрамындағы спирт бет пен ерін терісін құрғатады, көзге де зиян.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0