Қоғам

Бір күнде танымал болып кеткен Гүлмайдан Серікбай жаңа жобаға қатысады – видео

© Photo : РixabayМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2021
Жазылу
Ол Қорқыт ата университетінде "жоғары музыкалық білім" мамандығы бойынша білім алды. Бірақ үшінші курста отбасы жағдайына байланысты оқуды тастап кетті
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақ және шетел әндерін нақышына келтіре орындаған сылақшы Гүлмайдан Серікбай Instagram желісінде арнайы парақша ашып, тікелей эфирде көрерменнің сұрақтарына жауап берді. "Әнші Дана" есімін не себепті таңдағанын да түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Әнші | Певица (@anwi_dana)

27 жастағы Гүлмайдан Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Бестам ауылында дүниеге келген. Ата-әжесі Гүлмайдан Сүндетова деген әншіге ұқсасын деп, атын Гүлмайдан деп қойған.
"Үлкен кісілер оны жақсы біледі. Домбырамен өлең айтады. Мені перзентханадан әкелгенде "Қазақстан әйелдері" деген журналдың бетінде сол кісінің суреті тұр екен. Ата-әжем оны көрді де, мен әнші болсын деп атымды Гүлмайдан деп қойды. Кішкентай кезімнен "Титаниктің" сөзін білмесем де, әнін айтып жүретінмін. Ал далада "Саржайлауды" айтатынмын. Аузым жабылмаймын. Ыңылдап жүре беретінмін. Нағашы әжемнің даусы зор болған деседі. Бірақ мен ол кісіні көрген жоқпын", - дейді Гүлмайдан.
Оның айтуынша, көбісі "Гүлмайдан" деген есімді есте сақтай бермейді. Танысқаннан кейін атың кім деп тағы сұрай береді. Ал туыстары мен достары оны "Дана" деп атап кеткен.
"Содан Дана болып кеттім. Бірақ Гүлмайдан десеңіздер де, Дана десеңіздер де болады. Менің ресми аккаунтым осы. Сондықтан басқа парақшаларға алданып қалмаңыздар", - деді Дана.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Әнші | Певица (@anwi_dana)

Ол Қорқыт ата университетінде "жоғары музыкалық білім" мамандығы бойынша білім алды. Бірақ үшінші курста отбасы жағдайына байланысты оқуды тастап кетті.
"Бір жағдайлар болған. Жеке мәселем, отбасы жағдайына байланысты... Мүмкін, алдағы уақытта ашылар, айтсам, жүрегім ауырады. Сол себепті айтпай-ақ қояйын. Құдай беріп тұр ғой, дауысты да, дарынды да берді. Бәлкім, қиын-қиын жолдармен алып келгісі келген шығар", - дейді Гүлмайдан.
Оның айтуынша, желіде танымал болып кеткеннен кейін араласпай кеткен адамдар байланысқа шығып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Әнші | Певица (@anwi_dana)

"Мен бұл парақшамды арнайы өнерім үшін аштым. Мен өзім тікелей эфирге шықпағанмын. Енді бірте-бірте үйренемін. Бұған дейін Instagram-ды таза альбом ретінде қолданатын едім. Осы жерде барлық жаңалықты жариялап тұрамын. Бүгін бір жаңалықты айтам деп едім. Бірақ, өкінішке қарай, айтуға болмайды екен. Сол жоба басталғанда белгілі болады", - дейді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Әнші | Певица (@anwi_dana)

Жаңалықтар
0