Қоғам

"Жұлдыздардан 100 есе артық": сылақшы әйел желіде танымал болды – видео

© Photo : Dean MoriartyСмартфоны в руках
Смартфоны в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2021
Жазылу
Жұмыс істеп жүріп ән салған құрылысшы әйелдің видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Instagram желісінде тарап кеткен видеода қызылордалық сылақшы әйел қазақ және шетел әндерін нақышына келтіре орындаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Танымал қазақ әншісі, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев видеоны желідегі парақшасында бөлісті.
"Таныс болыңыздар, Дана Серікбай 1994 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Дананың музыкалық білімі жоқ. 3 курсты бітіріп, оқуын аяқтай алмаған. Яғни, қолында диплом да жоқ. Бірақ Алла берген дауыс бар. Қазіргі уақытта Алматыда пәтер жөндеумен айналысып (евроремонт), нәпақасын тауып жүр екен", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әйелге қошемет сөздер айтып, оның ән айту шеберлігі көптеген отандық эстрада жұлдызынан асып түсетінін атап өтті.
"Эстрадада өзін жұлдыз санап жүрген кейбір әншілерден 100 есе артық екен. Іздеп табу керек кой, бұлақ көрсең көзін аш деген. Өнер адамысыз, қолдау көрсетсеңіз жақсы болар еді. Талант бар, таныс жоқ. Саф таза дауыс!", - деп жазды желідегілер.
Талантты қазақ әйелі жайлы видеолар топтамасы әншінің парақшасында 70 мыңға жуық лайк жинады.  
Жаңалықтар
0