Ніл жағалауындағы мереке: сфинкстер аллеясы туристер үшін қайта ашылды – фото
14:44 02.12.2021 (жаңартылды: 09:46 02.02.2022)
Жазылу
Мысырдың ең көрікті қалаларының бірі Луксорда "Құдай жолының" ашылу салтанаты өтті. Бұл жолдың өн бойында көне мысырлық фараондардың мәңгілік мекенін күзетушілер – сфинкстер орын тепкен. Тылсымға толы мерекенің қалай өткені туралы суреттер топтамасынан көре аласыз
Реставрациядан кейін Сфинкстер аллеясының ұзындығы үш километрге жуықтады. Оны мыңнан астам ежелгі мүсіндер "күзетіп тұр".
Жол біздің дәуірімізге дейінгі 380-362 жылдары билік еткен 13-ші династиядан шыққан Нектанеб I перғауынның тұсында салынған. Аллея Луксор ғибадатханасын солтүстікке қарай, Ніл өзенінен сәл жоғары орналасқан Карнак ғибадатханасымен байланыстырады.
Ежелгі уақытта бір ғибадатханадан екіншісіне жеткізетін жолдың бұл бөлігін "Құдай жолы" деп атаған. Көп ғасыр бұрын мысырлық билеушілердің салтанатты шерулері осы қасиетті аллеямен жүріп өткен және діни мерекелер ұйымдастырылған.
Бетін құм жауып, адам жанарынан жасырын қалған көне мүсіндерді археологтар анықтағанға дейін талай ғасыр өтті.
Мысырдың әйгілі көрнекі нысанында 2010 жылдан бері қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатты. Енді ол туристер үшін қайта ашылды.
Ежелгі Сфинкстер аллеясының ашылу салтанаты қалай өткенін суреттер топтамасынан көріңіз.
© REUTERS / Mohamed Abd El GhanyЛуксор ғибадатханасының алдындағы алғашқы сегіз сфинкс мүсінін 1949 жылы мысырлық археолог Закария Гинеим тапты.
1/14
© REUTERS / Mohamed Abd El Ghany
Луксор ғибадатханасының алдындағы алғашқы сегіз сфинкс мүсінін 1949 жылы мысырлық археолог Закария Гинеим тапты.
© Sputnik / Radwan ElMagdЛуксордағы Сфинкстер аллеясының ашылу салтанаты ашық аспан астында өтті.
2/14
© Sputnik / Radwan ElMagd
Луксордағы Сфинкстер аллеясының ашылу салтанаты ашық аспан астында өтті.
© Sputnik / Radwan ElMagdСалтанатты шара кезінде көне мысырлық киім киген жүздеген әртіс көне жолмен жүріп өтті.
3/14
© Sputnik / Radwan ElMagd
Салтанатты шара кезінде көне мысырлық киім киген жүздеген әртіс көне жолмен жүріп өтті.
© AFP 2024 / Khaled DesoukiҚазба жұмыстары кезінде қошқар басы бар 250 сфинкс және адам басты 807 сфинкс табылды.
4/14
© AFP 2024 / Khaled Desouki
Қазба жұмыстары кезінде қошқар басы бар 250 сфинкс және адам басты 807 сфинкс табылды.
© Sputnik / Radwan ElMagdСфинкстер аллеясында археологтардың жұмысы күні бүгінге дейін жалғасып жатыр. Ғалымдар әлі де көне мүсіндерді іздеуде.
5/14
© Sputnik / Radwan ElMagd
Сфинкстер аллеясында археологтардың жұмысы күні бүгінге дейін жалғасып жатыр. Ғалымдар әлі де көне мүсіндерді іздеуде.
© AP Photo / Mohamed El-ShahedКөне жолдың ашылу салтанатына Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси мен туризм және көне жәдігерлер министрі Халед әл-Энани қатысты.
6/14
© AP Photo / Mohamed El-Shahed
Көне жолдың ашылу салтанатына Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси мен туризм және көне жәдігерлер министрі Халед әл-Энани қатысты.
© AFP 2024 / Khaled DesoukiХалед әл-Энанидің айтуынша, мысырлық Луксор қаласы ашық аспан астындағы әлемдегі ең үлкен музейге айналды.
7/14
© AFP 2024 / Khaled Desouki
Халед әл-Энанидің айтуынша, мысырлық Луксор қаласы ашық аспан астындағы әлемдегі ең үлкен музейге айналды.
© AP Photo / Mohamed El-ShahedІс-шара кезінде гала-концерт пен костюмдер шоуы ұйымдастырылды.
8/14
© AP Photo / Mohamed El-Shahed
Іс-шара кезінде гала-концерт пен костюмдер шоуы ұйымдастырылды.
© AFP 2024 / Khaled Desouki"Перғауындар жолы" Луксор мен Карнак ғибадатхана кешендерін байланыстырып тұр.
9/14
© AFP 2024 / Khaled Desouki
"Перғауындар жолы" Луксор мен Карнак ғибадатхана кешендерін байланыстырып тұр.
© Sputnik / Radwan ElMagdКөне ескерткіш саяхатшылар мен туристердің серуендеу аймағына айналуы керек.
10/14
© Sputnik / Radwan ElMagd
Көне ескерткіш саяхатшылар мен туристердің серуендеу аймағына айналуы керек.
© AP Photo / Mohamed El-ShahedКешке уақытта бұл жолға түрлі шамдар жарық түсіріп тұрады.
11/14
© AP Photo / Mohamed El-Shahed
Кешке уақытта бұл жолға түрлі шамдар жарық түсіріп тұрады.
© Sputnik / Radwan ElMagd Енді бұл жаңа нысан Шарм-әл-Шейх пен Хургададағы көптеген экскурсиялық турға енгізіледі.
12/14
© Sputnik / Radwan ElMagd
Енді бұл жаңа нысан Шарм-әл-Шейх пен Хургададағы көптеген экскурсиялық турға енгізіледі.
© Sputnik / Radwan ElMagd Сфинкстер аллеясында діни мерекелер кезіндегі салтанатты шерулер өткізіліп келді.
13/14
© Sputnik / Radwan ElMagd
Сфинкстер аллеясында діни мерекелер кезіндегі салтанатты шерулер өткізіліп келді.
© Sputnik / Radwan ElMagdБұл жерде соңғы қалпына келтіру жұмыстары 2010 жылы басталды.
14/14
© Sputnik / Radwan ElMagd
Бұл жерде соңғы қалпына келтіру жұмыстары 2010 жылы басталды.