https://sputnik.kz/20211201/nazarbaev-gorbachevt-kabinet-18797198.html
Назарбаев Горбачевтің кабинетінде қандай келеңсіз жайтқа куә болғанын еске алды
Назарбаев Горбачевтің кабинетінде қандай келеңсіз жайтқа куә болғанын еске алды
Sputnik Қазақстан
Елбасы өз естелігімен белгілі режиссер Оливер Стоун продюсерлік еткен "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінде бөлісті 01.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-01T13:26+0500
2021-12-01T13:26+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
назарбаев
https://sputnik.kz/img/961/52/9615285_0:167:3090:1914_1920x0_80_0_0_ecb2ebf825b697894df0c8c79fcc54e2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Борис Ельцин мен Михаил Горбачев Кеңес одағы ыдырар алдында қалай жанжалдасқанын еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Елбасы өз естелігімен белгілі режиссер Оливер Стоун продюсерлік еткен "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінде бөлісті."Горбачев менен он жасқа үлкен болды, бірақ біз бір ұрпақтың адамдары едік, бірдей саяси тәрбиеден өттік. Сондықтан бір-бірімізді білдік, бір жүйеден шықтық. Бір қызығы, Ельцин де менімен дос болғысы келді. Біз шынымен де онымен жақсы араластық. Мен олардың жанжалына куә болдым, татуластыруға тырыстым. КСРО-ның күйреуі алдында Горбачев пен Ельцин қатты сөзге келіп қалды", - деді Назарбаев.Айтуынша, Ельцин Горбаевтің шақыруымен КОКП ОК хатшысы ретінде Мәскеуге келген. Бірақ Ельцин саяси бюроның мүшесі болуды қалаған, алайда Горбачев оны сайлаған жоқ."Мен олардың қатты жанжалдасқан кезін көрдім. Горбачевтің кабинетінде отыр едім, Ельцин кіріп келді. Бір-бірімен дауыс көтере сөйлесе бастады. Келеңсіз жайт еді. Ельцин: "Мен сенің орныңа отырамын" деді. Мен орнымнан тұрып, кетіп қалғалы жатыр едім, Горбачев "отыр" деді. Горбачев Ельцинге "әзірге мұнда мен президентпін" деп жауап берді. Ельцин: "Иә, әзірге" деді де, кетіп қалды", - деп еске алды Елбасы.Назарбаевтың сөзінше, Кеңес одағы ыдырай бастады және оны тоқтату мүмкін емес еді. Бірақ ол өзі Кеңес одағының өркениетті түрде таралуын қалаған.Нұрсұлтан Назарбаев қасында оған бүлікті қолдауды ұсынған коммунистер болғанын айтты."Бұл аяқасты болды. 18 күні (1991 жылдың тамызы) Ельцин бізге сапармен келді. Жақсы кешкі астан кейін қараңғы түскенде жолға шықты. Ал 19 күні таңертең бүлік болды", - деді Назарбаев.1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні КТК телеарнасы "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмін көрсетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/961/52/9615285_0:70:3090:2011_1920x0_80_0_0_bc1ce7e172b5681016807f2ad4c54e0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев
Назарбаев Горбачевтің кабинетінде қандай келеңсіз жайтқа куә болғанын еске алды
13:26 01.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Елбасы өз естелігімен белгілі режиссер Оливер Стоун продюсерлік еткен "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінде бөлісті
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Борис Ельцин мен Михаил Горбачев Кеңес одағы ыдырар алдында қалай жанжалдасқанын еске алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Елбасы өз естелігімен белгілі режиссер Оливер Стоун продюсерлік еткен "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінде бөлісті.
"Горбачев менен он жасқа үлкен болды, бірақ біз бір ұрпақтың адамдары едік, бірдей саяси тәрбиеден өттік. Сондықтан бір-бірімізді білдік, бір жүйеден шықтық. Бір қызығы, Ельцин де менімен дос болғысы келді. Біз шынымен де онымен жақсы араластық. Мен олардың жанжалына куә болдым, татуластыруға тырыстым. КСРО-ның күйреуі алдында Горбачев пен Ельцин қатты сөзге келіп қалды", - деді Назарбаев.
Айтуынша, Ельцин Горбаевтің шақыруымен КОКП ОК хатшысы ретінде Мәскеуге келген. Бірақ Ельцин саяси бюроның мүшесі болуды қалаған, алайда Горбачев оны сайлаған жоқ.
"Мен олардың қатты жанжалдасқан кезін көрдім. Горбачевтің кабинетінде отыр едім, Ельцин кіріп келді. Бір-бірімен дауыс көтере сөйлесе бастады. Келеңсіз жайт еді. Ельцин: "Мен сенің орныңа отырамын" деді. Мен орнымнан тұрып, кетіп қалғалы жатыр едім, Горбачев "отыр" деді. Горбачев Ельцинге "әзірге мұнда мен президентпін" деп жауап берді. Ельцин: "Иә, әзірге" деді де, кетіп қалды", - деп еске алды Елбасы.
Назарбаевтың сөзінше, Кеңес одағы ыдырай бастады және оны тоқтату мүмкін емес еді. Бірақ ол өзі Кеңес одағының өркениетті түрде таралуын қалаған.
"Бүкіл команданың ішінде кеңес экономикасын түсінетін жалғыз мен болдым. Мен Кеңес одағының қалғанын жақтаған жоқпын, тек мұның бәрі өркениетті түрде өткенін қаладым. Одақтың ыдыраудан зардап шеккенін қаламадым", - деді ол.
Нұрсұлтан Назарбаев қасында оған бүлікті қолдауды ұсынған коммунистер болғанын айтты.
"Бұл аяқасты болды. 18 күні (1991 жылдың тамызы) Ельцин бізге сапармен келді. Жақсы кешкі астан кейін қараңғы түскенде жолға шықты. Ал 19 күні таңертең бүлік болды", - деді Назарбаев.
1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні КТК телеарнасы "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмін көрсетті.