Әлем

Мәскеу коронавирусқа қарсы инновациялар рейтингісінде бірінші орынға шықты

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуБольшой Кремлевский дворец
Большой Кремлевский дворец - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2021
Жазылу
Антиковидтік инновациялар әлемдік рейтингісінде Мәскеу Нью-Йорк пен Сан-Францискодан кейінгі үшінші орынға жайғасты
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан — Sputnik. Мәскеу коронавирусқа төзімділікті қалыптастыруға көмектесетін инновациялар рейтингінде еуропалық қалалар арасында бірінші орынға шықты. Ол Лондон мен Барселонадан басым түсті.
Әлем мегаполистері арасында Ресей астанасы Сан-Франциско мен Нью-Йорктен кейінгі үшінші орында тұр. Үздік бестікті Бостон мен Лондон тұйықтап тұр, деп хабарлады Мәскеу мэрінің ресми сайты StartupBlink халықаралық зерттеу агенттігінің рейтингіне сілтеме жасап.
"Коронавирустың таралуымен күресу үшін қолданылатын 160-қа жуық озық шешім Мәскеуге жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге көмектесті. Олардың арасында жасанды интеллектке негізделген компьютерлік көру алгоритмдері бар. Бұл әдіс рентгенологтарға үш миллионнан астам зерттеуге талдау жүргізуге көмектесті", - деп жазылған сайтта.
Тағы бір инновациялық шешім – науқастарды, дәрігерлерді, медициналық ұйымдарды, сақтандыру компанияларын, фармакологиялық өндірістер мен сайттарды біріктіретін бұлтты платформа.
Пандемия кезінде азаматтардың өмірін бейімдеуге көмектесетін технологиялар да жоғары нәтижеге жетуге үлес қосты. Бұл ақылды туризм, электронды сауда және логистика, сонымен қатар қашықтан жұмыс істеу және онлайн білім беру саласындағы жобалар.
StartupBlink агенттігінің сарапшылары Мәскеуде жүзеге асырылған шараларды эпидемиологиялық көрсеткіштер мен экономикаға әсері тұрғысынан бағалады.
Мәскеуде қабылданған коронавирусқа қарсы шаралар арасында тегін негізде жедел тестілеу мен вакциналау орындарының санын көбейту, білім алуға арналған патенттелген онлайн бағдарламалар мен платформалар, телемедицина мүмкіндіктерін дамыту бар.
"Пандемия кезінде Мәскеудің денсаулық сақтау жүйесі үлкен тәжірибе жинақтады және бұл коронавирусқа шалдыққан саны күрт артқан жағдайда да жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсетуді тоқтатпауға мүмкіндік береді. Бас қала субсидия және жеңілдіктер беру арқылы бизнесті қолдап отыр. Биыл шағын және орта бизнес саласындағы 25 мыңға жуық кәсіпорын қолдау шараларын пайдаланды", - деп жазылған хабарламада.
Рейтинг коронавируспен күресудің инновациялық шешімдерінің жаһандық картасы негізінде құрастырылады және әлемнің 100-ге жуық жетекші қаласы мен 40 елін бағалайды. Жаһандық карта 2020 жылдың наурыз айында әәзірленді және бір жыл ішінде оған мыңнан астам шешім енгізілді.
Рейтинг алгоритмі коронавирусқа қарсы күресте қолданылатын инновациялардың саны мен түрін есепке алады. Қарастыруға қабылданған жобалар инновациялылық, релеванттылық (шешім COVID-19 сын-қатерлеріне тікелей жауап беруі керек) және сенімділік сынды үш негізгі талапқа сай келуі керек. Жекелеген озық бастамалар үшін қосымша балл беріледі. Барлық шешімдер алдын ала модерацияланады және ақпараттың сапасы мен сенімділігі бойынша сарапшылар іріктеуінен өтеді.
Жаңалықтар
0