Өңірлер

Құлсарыда 7 балалы әйелді өлтірді деген күдіктінің анасы: балам кредит әперген

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Фотобанкке өтуЗнак процента
Знак процента - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қала әкімдігінің қызметкерлері марқұм барлық  әлеуметтік төлемді уақытында алып отырғанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысындағы  7 балалы әйелдің өліміне кредит себеп болуы мүмкін.  Күдіктінің туыстары осылай дейді.
Қанды оқиғадан кейін  күдікті "алып берген кредитті төлемей қойғаны үшін ашуландым" деген көрінеді. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады.
Жантүршігерлік қылмыс Құлсары қаласы әкімдігі ғимаратының артындағы ашық алаңқайда болған. Сол күні келіншек жұмыстан өте  кеш шығыпты. Осы маңнан өтіп бара жатқан куәгерлер полицияға хабар берген. Ал қазір айналада қылмыстың ізі мүлдем байқалмайды. "Алтын алқа" иегері, 35 жастағы келіншек әкімдік ғимараты жанындағы полиграфиялық мекемеде  еден жуушы болған.
Оқи отырыңыз: Құлсарыда жеті баланың анасын өлтіріп кетті 
Қала әкімдігіндегілердің айтуынша, марқұм  барлық тиісті әлеуметтік төлемді алып отырған.
"Көпбалалы ана ретінде әртүрлі азық-түлік алып отырды, қаржылай көмек  көрсетіліп тұрды. Одан бөлек, әрбір балаға "алтын алқа" иегері ретінде үкіметтен әлеуметтік төлемақы алып келді", - дейді Құлсары қаласының әкімі Ернар Ысмағұл.
Қаралы отбасы арнайы сұхбат берген жоқ. Бірақ күдіктіні кешірмейміз деп кесіп айтты. Әйелдің артында қалған 7 баланы өзіміз жетілдіреміз дейді. Ал оны пышақтап өлтірген күдікті  бір күн бұрын ғана 25-ке толған көрінеді. Туыстарының айтуынша, екеуі бұрыннан жақсы таныс болған.
"Қылмысты жасаған соң, үйге келіп, апа, кешірші деп аяғыма жығылды. Кредит әперіп едім, соны төлемегені үшін істедім деді. Мен айқайладым", - дейді күдіктінің анасы Сұлу Қаржауова.
Ал әпкелері інісінің осындай жауыздыққа барғанына сене алмай отыр. Жаман әдеті де, ашушаң мінезі де жоқ еді дейді.
"Екеуінің арасында кредит қана емес, қызғаныш болды ма екен, нақты білмеймін. Інім тап солай жасады дегенде сенген жоқпын, ондай бала емес еді. ИНН-мен қарағанда 900 мыңның үстінде кредитке алғанын білдік", - дейді күдіктінің әпкесі Ләйлә Жангелова.
Күдікті қамауға алынған. Қазір полиция бұл іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
"Құлсары қаласының 1986 жылғы тұрғынының өліміне кінәлі 1996 жылы туған күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің маманы Айша Талапкер.
Қанды оқиға Құлсарыны дүр сүлкіндірді. Жұрт қаралы күнді еске алғысы келмейтінін айтады. Ал кісі қолынан қаза тапқан әйелдің артында қалған 7 баласының кішісі – 5 жаста, үлкені – колледж студенті.
Жаңалықтар
0