Елорда тынысы

Елорда әуежайына бүгін – 90 жыл: архивтегі суреттер жарияланды

© Photo : Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметіАэропорт столицы, архивное фото
Аэропорт столицы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2021
Жазылу
Әуежай қабылдайтын ұшақтардың ең жоғары түрі: Боинг Б-747-800, Руслан АН-124 және төменгі санаттағы ұшақтар
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. 1 желтоқсан "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-ға 90 жыл толды. Осыған орай елордалық әуежай архивтегі сирек суреттерді көрсетті.
© Photo : Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметіБолашақ терминалдың орны
Аэропорт Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Болашақ терминалдың орны
Әуежайдың баспасөз қызметінің ақпаратынша, 1931 жылы 1 желтоқсанда Семей мен Ақмола арасында тұрақты әуе қатынасы ашылды. Дәл сол күні кәсіпорын құрылған еді.
"Бүгін, 90 жылдан кейін, таңғы рейспен елордадан "Нұр-Сұлтан – Семей" бағыты бойынша әуе кемесі ұшып шықты. Жолаушылар салтанатты жағдайда оркестрдің әуенімен тіркеуден өтті", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ мерейтой аясында Халық банкпен бірлесіп, әуежай дизайнымен тематикалық банк картасы шығарылды.
© Photo : пресс-служба международного аэропорта Нурсултан НазарбаевҚазіргі уақытта әуежайдың ұшу-қону жолағы Орталық Азиядағы ең үздіктердің бірі саналады
Строительство аэропорта в столице Казахстана, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Қазіргі уақытта әуежайдың ұшу-қону жолағы Орталық Азиядағы ең үздіктердің бірі саналады
Баспасөз қызметі атап өткендей, бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы – еліміздегі ең ірі әуежайлардың бірі. Ол Орталық Азия елдерінің әуежайлары арасында жолаушылар ағыны мен жүк тасымалының көптігіне байланысты екінші орын алады. Сондай-ақ посткеңестік кеңістіктегі әуежайлар арасында 12-ші орында тұр.
Әуежай қабылдайтын ұшақтардың ең жоғары түрі: Боинг Б-747-800, Руслан АН-124 және төменгі санаттағы ұшақтар.
"Бүгінгі таңда әуежайдың әлемдік озық тәжірибеге сәйкес жолаушыларға да, авиакомпанияларға да қызмет көрсету үшін барлық қажетті инфрақұрылымы бар. Цифрлық мүмкіндіктерді дамытудың арқасында NQZ қосымшасы арқылы жолаушылар онлайн тіркеліп, рейстерді қадағалай алады, әуежай қызметтеріне ақы төлей алады", - деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметі.
Елорда әуежайы ИАТА және ИКАО халықаралық стандарттарына сай дамытылып жатыр. Әуежайдың ұшу-қону жолағы Орталық Азиядағы ең үздіктердің бірі. Ол ІІІА ИКАО санатына сәйкес келеді және кез келген ауа райында ұшақтарды қабылдауға және шығаруға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0