https://sputnik.kz/20211201/Taraz-aqyl-oydy-damytu-ortalygy-18796196.html
Таразда ақыл-ойды дамыту орталығы ашылды
Таразда ақыл-ойды дамыту орталығы ашылды
Sputnik Қазақстан
Білім ошағы балалардың логикалық ойлау жүйесін дамытып, математиканы және ағылшын тілін тереңдетуді көздейді 01.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-01T11:08+0500
2021-12-01T11:08+0500
2022-02-01T13:05+0500
білім
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/01/18796021_0:50:2280:1340_1920x0_80_0_0_d82b7ded107a507f767b54703787e92b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Тараз қаласында "Зерделі" ақыл-ойды дамыту мектебінің филиалы ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ашылу салтанаты барысында қараша айында 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен Жамбыл облысында алғаш рет өткізілген "Алтын сақа" байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, оза шапқан 50 жүйріктің 25-іне қаржылай және кәдесыйлар беріліп, арнайы дипломдар табысталды.Сондай-ақ "Алтын сақа" олимпиадасына Тараз қаласынан қатысқан 215 оқушыға және облыстық кезеңде жүлделі орынға ие болған 25 дарынға "Зерделі" ақыл-ойды дамыту орталығында одан әрі білімін тереңдету үшін 10-50 процент жеңілдік сертификаттары берілді.Зерделі орталығында 2-11 сынып аралығындағы кез келген бала өзі қалаған уақытта математика мен логикасын дамытып, ағылшын тілін меңгеруге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар мұнда оқушылар "БИЛ", "Назарбаев зияткерлік мектебі", "Дарын" мектептеріне дайындалып, ҰБТ-ны сәтті тапсырып, Назарбаев университетіне түсу үшін білімін шыңдайды. Бұл бағытта да тәжірибелі мамандар жұмыс істейді.Zerdeli-Taraz орталығының директоры болып, Ұлыбританияда магистрлік білім алған, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басқармасында қызмет істеген және Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде директордың орынбасары қызметін атқарған Жанат Алтаев тағайындалды."Зерделі" ақыл-ойды дамыту орталығының Тараз қаласындағы филиалы Астана шағын ауданы, 14А ғимаратында орналасқан. Телефоны: 8747 501 4192 (WhatsApp).
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/01/18796021_0:0:2280:1435_1920x0_80_0_0_c026e9c78884d2e0877238bfed62a4c7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Таразда ақыл-ойды дамыту орталығы ашылды
11:08 01.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Білім ошағы балалардың логикалық ойлау жүйесін дамытып, математиканы және ағылшын тілін тереңдетуді көздейді
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Тараз қаласында "Зерделі" ақыл-ойды дамыту мектебінің филиалы ашылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ашылу салтанаты барысында қараша айында 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен Жамбыл облысында алғаш рет өткізілген "Алтын сақа" байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, оза шапқан 50 жүйріктің 25-іне қаржылай және кәдесыйлар беріліп, арнайы дипломдар табысталды.
Сондай-ақ "Алтын сақа" олимпиадасына Тараз қаласынан қатысқан 215 оқушыға және облыстық кезеңде жүлделі орынға ие болған 25 дарынға "Зерделі" ақыл-ойды дамыту орталығында одан әрі білімін тереңдету үшін 10-50 процент жеңілдік сертификаттары берілді.
Зерделі орталығында 2-11 сынып аралығындағы кез келген бала өзі қалаған уақытта математика мен логикасын дамытып, ағылшын тілін меңгеруге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар мұнда оқушылар "БИЛ", "Назарбаев зияткерлік мектебі", "Дарын" мектептеріне дайындалып, ҰБТ-ны сәтті тапсырып, Назарбаев университетіне түсу үшін білімін шыңдайды. Бұл бағытта да тәжірибелі мамандар жұмыс істейді.
Zerdeli-Taraz орталығының директоры болып, Ұлыбританияда магистрлік білім алған, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басқармасында қызмет істеген және Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде директордың орынбасары қызметін атқарған Жанат Алтаев тағайындалды.
"Зерделі" ақыл-ойды дамыту орталығының Тараз қаласындағы филиалы Астана шағын ауданы, 14А ғимаратында орналасқан. Телефоны: 8747 501 4192 (WhatsApp).