Ортасынан қақ бөлінген көлікпен жасалған дрифт шамамен үш минутқа созылады. Рөлде отырған ер адам бұл жүрісіне ара-тұра түсінік беріп, өзін бақылап тұрған адамдардың сұрағына жауап қатады.
Жүргізуші көлік жүрген кезде ұшқын қайдан шықты деген сұраққа асфальтпен үйкелістен пайда болды деп жауап береді.
Жиналғандардың арасынан біреу әзілдеп көліктің жағдайына баға беріп, "әлі жүреді" дейді.
Видео авторы көліктің екінші жартысы қайда кеткенін түсіндірмеген.
Ал желі қолданушылары бұл видеода оғаш және ерекше ештеңе жоқ екенін айтып, "Ресейдегі дағдылы күн" деп қалжыңдады.