Қоғам

Назарбаев туралы тағы бір фильм көрерменге жол тартады

Нурсултан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2021
Жазылу
QAZAQ: Алтын Адамның Тарихы" фильмі Нұрсұлтан Назарбаевтың америкалық режиссер Оливеру Стоунға берген сұхбаты негізінде түсірілген  

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Қазақстанда "QAZAQ: Алтын Адамның Тарихы" фильмі көрсетіледі. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

"1 желтоқсаннан республикалық телеарналарда Нұрсұлтан Назарбаевтың америкалық режиссер Оливеру Стоунға берген сұхбаты негізінде түсірілген 8 сериялы "QAZAQ: Алтын Адамның Тарихы" фильмінің көрсетілімі басталады", - деп жазды Үкібай Твиттер парақшасында.

Айта кетері, "Qazaq. History of the Golden Man" фильмінде Елбасы өзінің өмірі туралы әңгімелеген. 20 қазанда фильмнің тұсаукесері Рим кинофестивалінде өтті.

"Qazaq. History of the Golden Man" фильмінің тұсаукесері Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қарсаңында 2021 жылдың 6 шілдесінде өтті. Фильмнің ұзақтығы – 8 сағат.

"Ол жайлы не айтсаңыз да өз еркіңіз, алайда фильмнен Кеңес империясының күйреуі мен елдің тәуелсіздік алуы, ядролық қарудан бас тарту жайлы пайымдайтын қарапайым адамды көресіз. Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық келешегі туралы әңгімелейді. Меніңше, бұл жарқын болашақ", - дейді Стоун.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0