Видео

"Сүйексіз" ер адам желі қолданушыларын таңғалдырды – видео

Жазылу
НовостиTelegram
Бұл ерекше ер адамды Желі қолданушылары латынамерикалық "сүйексіз" адат деп атады. Ол өзінің қос иығын алға шығарып, қайта орнына салуға дағдыланған

Кадрда сом денелі ер адамның өзгелерді өзінің дене мүсінімен емес, ерекше қабілетімен таңғалдырмақ болғаны көрініп тұр. Ол көрермендерге өзінің қос иығын орнынан жылжытып, қайта орнына сала алатынын паш етті. Расында да ол сүйексіз әрі буынсыз жаратылғандай әсер қалдырады.

Дегенмен бұл көрініс біршама үрейлі көрінеді. Бұл әрекетті кез келген адам орындай алмайтыны анық. Себебі қарапайым адамның денесі мұндай "сиқыр" орындауға мүмкіндік бермейді.

Тым икемді ер адам осы қабілетімен жаратылды ма, әлде ұзақ уақыт бойы жаттықты ма, ол жағы белгісіз.

Бірақ оның видеодағы бет-әлпетіне қарап, мұндай жаттығу оның жанына батып жатпағанын аңғаруға болады.

Жаңалықтар
0