Оқиға

Нұр-Сұлтанда госпитальде сарбаз көз жұмды

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2021
Жазылу
Әскери дәрігерлер қажетті емдік, реанимациялық іс-шаралар кешенін жүргізді, сарбаздың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін барлық шараларды қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Нұр-Сұлтандағы бас әскери-клиникалық госпитальде 2021 жылдың күзінде әскери қызметке шақырылған әскери қызметші қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"2021 жылдың 28 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласының Бас әскери-клиникалық госпиталінде аурудың асқынуынан 2003 жылы туған әскери қызметші Сариев Бобир Халматұлы қайтыс болды. Биыл 25 қарашасда мерзімді қызметтегі сарбаз ауруханаға жағының астындағы тұста мойнының қабынуына шағымданып келген. Дене қызуы көтеріліп, инфекциялық-уытты шоктың дамуы белгілері болған", - делінген әскери дәрігерлерге сілтеме жасалған ведомствоның ресми хабарламасында.

Әскери дәрігерлер қажетті емдік, реанимациялық іс-шаралар кешенін жүргізді. Сарбаздың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін барлық шараны қабылдады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Сариев 2021 жылдың күзінде Түркістан облысынан Нұр-Сұлтанда орналасқан Құрлық әскерлерінің әскери бөліміне мерзімді қызметке шақырылды.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы Бобир Сариевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Жаңалықтар
0