Денсаулық

Санитарлық шараларды дер кезінде күшейтуге дайын болу керек – ДДҰ

© REUTERS / MAXIM SHEMETOVМедик размещает пробирки с пробами на коронавирус на центрифуге в лаборатории больницы с коронавирусом
Медик размещает пробирки с пробами на коронавирус на центрифуге в лаборатории больницы с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2021
Жазылу
COVID-19 ауруының ерекше белгілері бар науқастар саны артқан кезде оңтүстікафрикалық дәрігерлерде коронавирустың жаңа мутациясы пайда болды деген күдік туындаған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мемлекеттерді коронавирустың "омикрон" штамы пайда болуына байланысты әлеуметтік және санитарлық шараларды күшейтуге дайын болуға шақырды.

"Қауіпті эпидемиологиялық ахуалды, әрекет ету мүмкіндігін, вакциналау деңгейін, сондай-ақ "омикрон" штамының жедел таралуына байланысты жағдайды ескеру керек. Мемлекеттер медициналық қызметтерге шамадан тыс сұраныс артуының алдын алу үшін әлеуметтік және санитарлық шараларды дер кезінде күшейтуге дайын болуға тиіс", - деп жазылған ұйым баяндамасында.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "омикрон" штамының жаһандық деңгейде таралу ықтималдылығы жоғары екенін мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.

"Жаңа штамның сипаттамасына қарай "омикрон" салдарынан коронавирус таралуының өршуіне байланысты қайтадан күрделі жағдай қалыптасуы мүмкін", - деп жазылған ұйым баяндамасында.

Алайда құжатта әзірше дәрігерлер "омикрон" штамының адам өліміне алып келуінің бірде-бір фактісін тіркемегені жазылған.

ДДҰ-да тесттердің көбі SARS-CoV-2 жаңа нұсқасын анықтай алатынын, ал қолда бар вакциналар аурудың ауыр өтуінен және өлімнен қорғауға қабілетті екенін айтты.

Дүниежүзілік ұйым мемлекеттерді әлеуметтік және санитарлық талаптарды күшейтуге шақырды.

Омикрон-штамм: ол жайлы не білеміз

Біраз бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл отырыс қорытындысы бойынша Оңтүстік Африка Республикасында анықталған коронавирустың жаңа нұсқасын алаңдаушылық тудыратын жағдай ретінде қарау туралы шешім қабылдады.

Жаңа штамға ДДҰ грек әрпімен "омикрон" деп атады. Дүниежүзілік медициналық қауымдастық өкілі Франк Ульрих Монтгомери "омикрон" қаупі бойынша Эбола вирусымен тең болуы және "дельта" штамы секілді жұққыш келуі мүмкін екенін айты.

Омикрон-штамм: симптомдары

COVID-19 ауруының ерекше белгілері бар науқастар саны артқан кезде оңтүстікафрикалық дәрігерлерде коронавирустың жаңа мутациясы пайда болды деген күдік туындаған.

Жас адамдар көбіне қатты шаршаңқылыққа қатысты шағымданған. Науқастардың арасында тамыр соғуы қатты жиілеген және дене қызуы көтерілген алты жастағы бала да болған. Екі күн өткеннен кейін баланың жағдайы біршама жақсарды.

Бұл адамдардың ешқайсысында иіс немесе дәм сезу сезімі жоғалмаған. Көбінде ер адамдар қатты шаршаңқылыққа қатысты шағымданған.

Жаңалықтар
0