Оқиға

Алматыда сейф ұрлағандардың әрекеті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуТелефон камерасы
Телефон камерасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2021
Жазылу
Ресми мәліметке сәйкес, бас кезінде екеуі кеңсеге кіре алмаған. Артынан қайтып оралып, сейфті алып шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Алматыда екінші қабаттағы кеңседен сейф ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, бас кезінде екеуі кеңсеге кіре алмаған. Артынан тағы келіп, сейфті алып шыққан. Біреуі екінші қабатқа шығып, пластик терезені майыстырып ішке кірген. Кейін сейфті далаға лақтырып жіберді. Сол жерде сыбайласы күтіп тұрған.

Ол сейфті алып, қашып кетті. Екіншісі де секіріп, қаша жөнелді. Видеоға тағы бір адам түсіп қалған.

"Сейфте 1,5 миллион теңге болды. Шұғыл іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Біреуі 26 жаста, ал екіншісі – 28-де. Екеуі де бұрын осы сынды қылмыстар үшін сотталған", - дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 2-бөлігі ("Ұрлық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен") сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған сәйкес, кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленіп, 3 000 айлық есептiк көрсеткiшке (8 751 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу жазасы қарастырылған. Сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту да қолданылуы мүмкін. Бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0