Оқиға

"Ол жақсы адам": марқұмның анасы қызын өртеп жіберген еркекті сотта неге қорғады

© Photo : Pixabay / Radosław KulupaПодожженная спичка
Подожженная спичка - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2021
Жазылу
Павлодар облысының соты жанжал кезінде әйеліне спирт шашып, оны өртеп жіберген ер адамға қатысты үкім шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Осы жылдың тамыз айында күйеуі спирт шашып, өртеп жіберген келіншектің анасы бұрынғы күйеу баласына араша түсті. Жәбірленушінің қайтыс болғанын, отбасында кәмелетке толмаған үш қыз бар екенін ескеріп, ол соттан ең жеңіл жаза кесуді сұрады.  

Жантүршігерлік оқиға 8 тамыз күні Павлодар облысының Розовка ауылында болды, деп хабарлады Pavon.kz порталы.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында түнде тойдан келген ер адам әйелін өртеп жіберді 

Ерлі-зайыпты арасында туындаған жанжал кезінде ер адам спиртті алып, әйелінің үстіне құйып, өртеп жіберген.

Тергеу мұндай агрессияға әйелдің отырыстан кейін мас күйеуіне көлік жүргізуге тыйым салуы себеп болғанын анықтады. Жәбірленуші он күннен кейін ауруханада көз жұмды.    

Алайда марқұмның анасы күйеу баласын қорғауды ұйғарды. Ол әлеуметтік желідегі адамдардан жаман сөз жазбауды сұрады.  

"Күйеу баламды жамандауды тоқтатуды сұраймын. Біз оның ең жеңіл жазаға кесіліп, тезірек шыққанын қалаймыз, өйткені оның үш қызы бар, олар кішкентай, бізге оның көмегі керек. Ол жақсы адам", - деп мәлімдеді әйел.

Сотталушыға жаза кесілді. Павлодар облыстық сотында ер адам сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0