Видео

Нұр-Сұлтанда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды – видео

Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласында полицейлер есірткі сатумен айналысқан 6 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту жүргізу кезінде сатуға дайындалған каннабис тобының есірткісін тәркіледі. 11,5 келі есірткінің негізгі партиясы қылмыстық топты ұйымдастырушының әйеліне тиесілі зоосалоннан табылған, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты.

Тінту болған жағдайда қызметтік иттерді иістен жаңылдыру үшін есірткі сөмкелерін жануарларға арналған жеп-шөптің арасына жасырған.

Қылмыстық бизнесті ұйымдастырушы каннабис тобының есірткілерін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен әкелген. Есірткіні сақтап, буып-түйіп, топ мүшелеріне табыстап отырған. Ал олар гашишты сатумен айналысқан.

Арнайы іс-шаралардың нәтижесінде шамамен 17 миллион теңге тұратын 2,5 мың доза гашиш заңсыз айналымға жіберілмеді.

Есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сатқандар үшін он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қылмыстық топтың барлық қатысушысы ұсталды, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар
0