Экономика

Мәскеуде Еуразия конгресі өтеді

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2021
Жазылу
Еуразия конгресі – билік органдары, бизнес, ғылыми және сарапшылар қауымдастығы өкілдері арасындағы ашық диалог алаңы

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Бейсенбі, 2 желтоқсанда Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің 57-ші павильонында Екінші Еуразия конгресі өтеді. Іс-шараны Ресей үкіметінің қолдауымен Еуразиялық даму банкі ұйымдастырады.

Еуразия конгресі – билік органдары, бизнес, ғылыми және сарапшылар қауымдастығы өкілдері арасындағы ашық диалог алаңы.

Биыл іс-шара қатысушылары ЕАЭС+ әлеуетін ашудағы мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің, даму институттары мен бизнес рөлінің артуын, көлік пен логистикадағы, су-энергетика кешеніндегі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы маңызды инфрақұрылымдық мемлекетаралық жобаларды, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы басым мәселелерді, "жасыл" қаржыландыру тетіктері мен ESG-жобаларды, мемлекеттердің цифрлық трансформациясын талқылайды.

Конгресте "РТЖ" ААҚ басқарма төрағасы Олег Белозеров, "ВЭБ.РФ" мемлекеттік даму корпорациясының төрағасы Игорь Шувалов, "Яндекс" бас директоры Елена Бунина, "Банк ВТБ" басқарма төрағасы-президент Андрей Костин, "Жаһандық энергия" қауымдастығының президенті Сергей Брилев, "ДСК "Автобан" бас директоры Алексей Андреев, Еуразия экономикалық комиссиясы өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені алқасының мүшесі (министр) Артак Камалян, Беларусь ауыл шаруашылығы министрі Иван Крупко, Қырғызстан ауыл, су шаруашылығы және өңірлерді дамыту министрі Аскарбек Джаныбеков және тағы басқалары сөз сөйлейді.

Бағдарламамен Еуразия конгресінің сайтында танысуға болады.

Еуразиялық даму банкі — Еуразия кеңістігінде инвестициялық қызметті жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы.

Жаңалықтар
0