НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша — Sputnik. Қазгидромет 29 қарашаға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ауқымды антициклон ықпалының әсерінен әлі де республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың қиыр батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын мен көктайғақпен болады", - деп хабарлады синоптиктер.
Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел соғады деп болжанып отыр.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні түнде 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы облысының Алакөл көлі ауданында желдің екпіні 28 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, солтүстігінде тұман болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен орталығында тұман түседі.
Оқи отырыңыз: Биыл Қазақстанда қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады