Әлем

Ресейдің белгілі әншісі қайтыс болды

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуАлександр Градский
Александр Градский - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2021
Жазылу
Әнші әрі композитор Александр Градскийдің қайтыс болғаны туралы "Пятый канал" хабарлады. Ол түнгі сағат 2-лер шамасында ауруханада көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Белгілі Ресей әншісі Александр Градский түнгі сағат екілер шамасында Мәскеу ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлады "Пятый канал" өз дереккөзіне сілтеме жасап.

27 қарашада Ресейдің халық әртісі Александр Градский инсульт алды деген күдікпен ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылғаны хабарланған болатын.  

72 жастағы әртістің денсаулығы сыр беріп, туыстары бір сағат бойы оның есін жиғыза алмаған.

Дәрігерлер Градскийді ауруханаға жеткізді, бұған дейін ол екі рет ауруханаға жатудан бас тартқан, кейде оған жедел жәрдем бір күнде бірнеше рет келген.

Соңғы кездері әншінің қан қысымы төмендеп, аяғы ауырып жүрген. Соған қарамастан Градский "Голос" тележобасына қатысуды жалғастырған, оны студияға арнайы көлікпен әкеліп жүрген.

Қыркүйек айында Александр Градский коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Александр Градский туралы

Александр Градский 1949 жылы 3 қарашада Челябі облысындағы Копейск қаласында дүниеге келген.

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (1997) және Ресейдің халық әртісі (1999). "Градский Холл" театрының көркемдік жетекшісі.

Соңғы жылдары әнші "Голос" шоуында тәлімгерлік жасап, талай жас әншіні қанаттандырды.

Александр Градский 2021 жылдың қазан айында жас қазақ әншісі Әділхан Макинге жылы лебізін білдірді:

"Димаштан кейін қазақша ештеңеге таңғалмайтын болдым, бірақ бүгін сен мені таңғалдырдың, оның себебі мынада: жоғарғы регистр тенордың, ортаңғы регистр баритонның, төменгі регистр бас дауысындағы әншінің үні секілді естіледі. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Сенімен жұмыс істеуге қуана келісемін".

Жаңалықтар
0