Өңірлер

Түркістан облысында оқушыларға ноутбук алуға бөлінген 2,5 млрд теңге ұрланды

© Sputnik / Абзал КалиевДистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками
Дистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Жазылу
Қаржы мониторингі агенттігі мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Түркістан облысында қашықтан оқуға арналған ноутбуктерді жеткізу кезінде 2,5 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырылғаны анықталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.

Пандемияға байланысты мектептерде қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін ел бойынша 220 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алынды.

Қаржы мониторингі агенттігі мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады.

Соған байланысты "МТ-Сервис" ЖШС басшысына және облыс әкімдігінің Адам әлеуетін дамыту басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеліп жатыр.

"МТ-Сервис" ЖШС директоры Түркістан облысы әкімдігінің Адам әлеуетін дамыту басқармасы мемлекеттік мекемесімен 3,4 миллиард теңгеден астам сомаға 21 мың дана ноутбук жеткізуге шарт жасасқан.

Алайда 2,5 миллиард теңгеден астам сомаға жеткізілген тауарлар тапсырыс берушінің техникалық талабына сәйкес келмеген.

Қазір кәсіпорын директорына қатысты тергеу соты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын қолданды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0