Қоғам

Жеңілдіктер аптасында алданып қалмау үшін нені білу керек

© Sputnik / Sergey Pyatakov / Медиабанкке өтуПокупатели во время распродажи в торговом центре Мега "Белая дача" в Московской области
Покупатели во время распродажи в торговом центре Мега Белая дача в Московской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Жазылу
Жаңа жыл жақындаған кезде дүкендерде жеңілдіктер аптасы басталады. Соған байланысты сарапшылар төмен баға қуып, сан соғып қалмауға шақырды

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Сатып алушылар жаппай жеңілдік кезінде төмен бағаға қызығып, пошта, мессенджер немесе әлеуметтік желідегі сілтемелер арқылы өтпегені жөн. Бұл туралы киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылар РИА Новостиге айтты.

Жаңа жыл жақындаған кезде дүкендерде жеңілдіктер аптасы басталады. Соған байланысты сарапшылар төмен баға қуып, сан соғып қалмауға шақырды.

"Төмен бағаға сенбеңіз. Көп жағдайда алаяқтар сайтындағы тауардың бағасы нақты бағадан қымбат болады. Тауар бағасын ұқсас сайттармен салыстырыңыз. Үлкен жеңілдіктерді басқа сайттардан да табуға болады, алайда әдетте оларда тауар саны шектеулі", - деді Ресей мен ТМД-дағы Avast өкілдігінің басшысы Алексей Федоров.

Оның айтуынша, сатып алушының поштасына қызық ұсыныс туралы хат келсе, оны бірден ашпағаны дұрыс. Дәл сол сайтты ашық дереккөзден іздеп, акцияның бар-жоғын тексеруге болады.

Сонымен қатар ең алдымен бұған дейін тауарды сол сайттан сатып алған басқа да қолданушылардың пікірін ескеру қажет. Кейде акцияға қатысып жатқан дүкендегі баға акция жоқ жермен салыстырғанда қымбат болуы мүмкін.

Онлайн саудада нені ескеру керек

Ресей мен ТМД-дағы ESET маркетинг басқармасының директоры Кирилл Подгорный танымал брендтің сөмкесі немесе смартфонға қатысты жеңілдікке алданбауға шақырды. Себебі мұндай дүкендерде жеңілдік санаулы затқа қойылған, ал кәсіпкерлер жарнама арқылы сатып алушыны асықтырып, ойланбай әрекет етуге әсер етеді.

ESET сарапшысы ұсыныстар келетін мекенжайларды мұқият тексеруге кеңес берді. Пайда табу үшін алаяқтар танымал бренд атын пайдалануы мүмкін. Мұндайда бренд аты қате жазылып, мекенжайы ретінде басқа дүкен көрсетіледі.

Сарапшылардың айтуынша, онлайн сауда жасайтын кезде төлем деректерін енгізбес бұрын сайт мекенжайын мұқият тексеру керек. Онлайн дүкен еш жерде тіркелмеген болса, сарапшылар оны арнайы whois қызметтерінде тексеруді ұсынады. Егер сайт жүйеге жақында ғана тіркелсе, онлайн төлем жасаудан бас тартқан жөн.

Жаңалықтар
0