Қоғам

Полиция желіде Құранға тіл тигізген қызды тапты – видео

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка плачет, архивное фото
Девушка плачет, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Жазылу
Сонымен қатар ол өкінетінін айтып, Қазақстан халқынан кешірім сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде құранды балағаттаған әйелдің видеосы жарияланды. 

Құранға тіл тигізген әйелдің жеке басы анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг кезінде келіншектің мас күйінде құранды балағаттап жатқан видеосы әшкере болды. Ер адам кадр сыртында онымен қосылып әзілдескен.

Тексеру іс-шаралары барысында түсірілімнің қатысушылары анықталды. Олар бұрын Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 1998 жылы туған Т. есімді азаматша, сондай-ақ 1996 жылы туған Л. есімді азамат.

"Олардың әрекеттері Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің  490-бабы 2-бөлімі (Дінге сенушілердің сезімін қорлау) бойынша тіркелді. Өндірістік материал шешім қабылдау үшін қалалық дін істері басқармасына жіберілетін болады", – деді Алматы қалалық полиция департаментің экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Мәулен Қасымжан.

Сонымен қатар ол өкінетінін айтып, Қазақстан халқынан кешірім сұрады. 

"Кішігірім отырыс болды, біз алкогольдік ішімдіктерді іштік. Мен ішімдікке мас күйімде ойланбай әрекет жасадым. Қасиетті Құран кітабын қолыма алып, парақшама видео түсірдім. Мен өз кінәмді білемін. Мен бүкіл жамағаттан, әсіресе мүмін мұсылмандардан кешірім сұрағым келеді. Мен сіздердің діндеріңізді қатты құрметтеймін. Бұл енді ешқашан қайталанбайды. Шын жүректен кешірім сұраймын", – деді, Т. есімді азаматша.

Жаңалықтар
0