Қоғам

Мәскеуде әзіл үшін көлік ұрлаған қазақстандық блогерлер сотталды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Жазылу
 Үш блогер бизнес-кластағы таксиді шақырып, пранк жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Мәскеудің Пресненск соты осы жылдың наурызында такси жүргізушімен әзілдесу мақсатында оның көлігін айдап әкеткен Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебайды үш жыл алты айға бас бостандығынан айырды.

"Сот айыпталушылардың әрқайсысын үш жыл алты айға бас бостандығынан айырды, олар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді", - делінген Мәскеу прокуратурасының телеграм-каналында.

Оқиға наурыз айында болған. Үш блогер бизнес-кластағы таксиді шақырып, пранк жасауды ұйғарған. BMW жүргізушісі олардың өтініші бойынша сөмкелерді жүксалғышқа салып жатқанда, жастардың бірі рөлге отырып, көлікті айдап кеткен, олардың бірі болған жағдайды камераға түсіріп алған.

Кейін айыпталушылар қайтып келіп, жүргізушіге онымен әзілдескенін түсіндірген.  

Полиция алдын ала сөз байласу арқылы көлікті айдап әкету бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оқи отырыңыз: Алматы метросында пранк жасаған үш жігіт жұрттың наразылығын туғызды – видео 

Жаңалықтар
0