Өңірлер

Атырауда баласын жылағаны үшін өлтіріп тастаған әйелге сот үкімі шықты

© Photo : pixabay.comЖенщина с ребенком на руках, иллюстративное фото
Женщина с ребенком на руках, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Жазылу
Сотта 42 жастағы әйелдің параноидтық шизофрениямен ауырғаны және қылмыс жасаған кезде есі дұрыс болмағаны дәлелденді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Атырауда төрт айлық баласына 38 жерден пышақ салды деп айыпталған әйелге қатысты үкім шықты.

Сот сотталушы қылмыс жасаған кезде не істеп жатқанын түсінбеген деген қаулы шығарып, оны психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеу жазасына кесті, деп жазды "Ақ Жайық".

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында іс екі айдан астам уақыт қаралды. Сотта 42 жастағы әйелдің параноидтық шизофрениямен ауырғаны және қылмыс жасаған кезде есі дұрыс болмағаны дәлелденді. Сот үкімін тыңдауға әйелдің туыстары келмеді, ал күйеуі үкімді онлайн тыңдады. Әйел психиатриялық орталыққа жатқызылды.

"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 16-бабына сәйкес, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген әрекетті қабілетсіз халде жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын. Ол мамандандырылған психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде емделсін", - деп үкім шығарды судья Зарема Хамидуллина.

Бұған дейін 4 айлық ұлын 38 жерден пышақтап тастаған анаға қатысты соттың басталғаны хабарланған болатын. Ол бала қатты жылағаны үшін өлтіріп тастаған. Туыстары сәби қырық күнге толғанда әйелдің оғаш қылығын байқаған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0