Оқиға

Жаркент тұрғыны ағасын сынған компьютер үшін балғамен ұрып өлтірді

CC0 / pixabay.com / Мужчина с молотком в руке, иллюстративное фото
Мужчина с молотком в руке, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Сол күні полиция бөлімшесіне жәбірленушінің інісі келіп, қылмыс жасағанын мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Жаркент тұрғыны ағасын балғамен ұрып өлтірді, деп хабарлады Polisia.kz.

21 қараша күні Панфилов ауданының полиция бөлімшесіне жеке тұрғын үйлердің бірінен дене жарақаты бар 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келді. Полиция қызметкерлері дереу сол жерге аттанды.

Сол күні полиция бөлімшесіне жәбірленушінің інісі келіп, қылмыс жасағанын мойындады.

21 жастағы ер адамынң айтуынша, ол ата-анасы және екі ағасымен тұрады. Сол күні әкесі мен анасы түнгі кезекшілікке жұмысқа кеткен. Түнде ағасы мас болып келіп оны оятқан. Олардың арасында жанжал туындады. Сол кезде ағасы оның масыл екенін айтып, компьютерін шағып тастаған. Оның ұйықтағанын күткен інісі ол көз жұма сала басынан бірнеше рет балғамен ұрған. Соққы салдарынан ер адам сол жерде көз жұмды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі "Кісі өлтіру" бойынша іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0