Қоғам

Елімізде Қазақстан есімді 24 азамат тұрады

© Sputnik / Владислав ВодневСилуэты людей на фоне флага Казахстана
Силуэты людей на фоне флага Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2021
Жазылу
Сондай-ақ баласының атын елдің ірі қалаларының құрметіне қойғандар да бар

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда Қазақстан есімді 24 адам бар, деп хабарлады Ranking.kz

Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан есімді алты адамнан бар, Қарағанды облысында – 4, Қостанай облысында – 3, Шымкентте – 2, Алматы, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында бір-бір Қазақстаннан бар.

Сондай-ақ баласының атын елдің ірі қалаларының құрметіне қойғандар да жиі кездеседі. Қазақстанда 28 адамға Семей деп ат қойған, 21 – Алматы, 18 – Түркістан есімді азамат тұрып жатыр.

15 адамға Атырау, 14 адамға Тараз, 12 адамға Қостанай, 11 адамға Ақтау деп ат қойған.

Сонымен қатар елде 10 Нұр-Сұлтан мен 3 Шымкент, бір Талдықорған мен бір Ақтөбе есімді азамат бар.

2021 жылдың 1 қазанындағы ақпарат бойынша елде 19,1 миллион адам тұрады. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 1,3%-ке артық. 2020 жылдың қазанында 18,8 миллион адам тұрды.

Өңірлерге бөлгенде халықтың басым бөлігі Алматы облысында тұрады – 2,1 миллион адам. Түркістан облысында да 2,1 миллион адам бар.

Одан кейін Алматы тұр, қалада 2 миллион адам бар.

Ең аз адам Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген, онда 539,4 мың адам тұрады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0