Видео

Елордада "Жас сарбаз" мүшелері марапатталды – видео

Жазылу
Елордада "Жас Сарбаз – Тәуелсіздік тірегі" жобасының қорытынды кеші өтті. Жоба аясында жыл бойы жүзге жуық шара ұйымдастырылды

Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі жобасы осы жылдың ақпан айында бастау алып, жыл бойы жалғасты. Жоба аясында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сайыстар, спорттық және шығармашылық сайыстар, үш күндік әскери-патриоттық жиын және өзге акция мен іс-шара өтті.

Бүгінде елордамыздағы 91 мектеп пен 37 колледжде "Жас Сарбаз" сыныптары мен клубтары құрылды. Сол сияқты 150-ге жуық әскери-патриоттық клуб пен "Жас Сарбаз" сыныптары ашылып, ондағы тәрбиеленушілер саны 7000-нан асып отыр.

Жасөспірімдердің әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру мақсатында дәстүрлі түрде 3 жыл көлемінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен күзгі әскери-патриоттық жиындар, жеңіл атлетика марафоны, футбол, волейбол спорт түрлерінен жарыстар мен іс-шаралар, сондай-ақ әскери-патриотық әндер байқауы, патриоттық фильмдер мен ерлік сабақтары және басқа да іс-шараларды жүзеге асырылып жатыр.

"Бұл кеше ғана негізін салған қозғалыс үшін үлкен жетістік деп білемін. Сонымен қатар биыл 2000 жас сарбаз тәрбиеленушісіне Жас Сарбаз куәлігін табыстадық", - деді "Жас Сарбаз" қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Іс-шара барысында жыл бойы үздік қызмет еткен мектеп директорларына қала әкімі орынбасарының алғыс хаты тапсырылса, алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздары "Жас Сарбаз" қозғалысының төрағасы атынан алғыс хатпен марапатталды. Кеш соңында жылдың үздік "Жас Сарбаз" клубын анықтап, бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Жаңалықтар
0