Қоғам

Қазақстанға қауіпті штамдар сақталатын биозертхана не үшін қажет - министрлік жауабы

© REUTERS / KAI PFAFFENBACHСотрудник лаборатории проводит исследование для создания вакцины против коронавируса
Сотрудник лаборатории проводит исследование для создания вакцины против коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрі қауіпті вирус штамдарымен жұмыс істейтін биозертхананың құрылысына қанша ақша жұмсалатынын айта алмады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Жамбыл облысында салынатын аса қауіпті штамдар сақталатын биологиялық зертхананың құрылысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір бұл мәселе пысықталып жатыр. Мемлекетте орналасқан кез келген зертхананы толығымен Қазақстан басқарады. Қазіргі таңда қаржыландыру мәселесі пысықталуда. Иә, мемлекет есебінен қаржыландырылады...мұның қаншалықты қажет екені зерделену үстінде", - деді Цой үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне. 

Министр зертхана құрылысына жұмсалатын қаржы сомасын нақты білмейтінін айтты.

Қазақстанға мұндай нысан не үшін қажет деген сұраққа Цой елде жұмыс істеп тұрған BSL-3 зертханасын мысалға келтірді. Айта кетері, ол биоқауіпсіздіктің үшінші деңгейіне ие.

"Бізде BSL-3 зертханасы бар. Ол COVID сияқты штамдарды зерттеумен айналысады. Осы зертхананың арқасында біз вакцинаны тез дайындап шығардық, штамдарға ден қою үшін диагностика әзірледік. Ал қарапайым зертханада қауіпті штамдармен жұмыс істеу мүмкін емес, себебі олар жұқпалы", - деді Цой.

Айтуынша, мұндай зертханаларда жағдай жасалған: қорғаныш костюмдері бар, іштегі ауа арнайы тазартылып тұрады.

"Сол себепті бұл мәселе зерттеліп жатыр. Әзірге бізде мұндай зертхана бар, біз оның базасында QazVac вакцинасын әзірледік", - деп түйіндеді ведомство басшысы.

Қазақстанда аса қауіпті штамдарға арналған биозертхана салуды көздейтін үкімет қаулысы жобасын қоғамдық талқылау аяқталды. Құжатқа сәйкес, 2025 жылдың төртінші тоқсанында Жамбыл облысы Гвардейский кентінде биологиялық зертхана салынады.

Нысанның толық атауы: BSL-4 зертханасы мен қауіпті және аса қауіпті штамдарға арналған жерасты қоймасы.

Жаңалықтар
0