Видео

Назерке Қарманова "Әлем аруы" байқауына Қазақстан туралы ролик ұсынды

Жазылу
Биыл "Әлем аруы" байқауы 17 желтоқсанда өтеді. Қазақстан намысын жиырма бесінші ұлттық байқауда "Қазақстан аруы" титулына ие болған ақтөбелік Назерке Қарманова қорғайды

Назерке Қазақстан көне өркениеттер мен цифрлық технологиялар жетістіктерін ұштастырғанын айтты. Еуразия жүрегіндегі ел көшпенділердің дәстүрін жалғастырып, заманауи өнерді дамытуда, деді бойжеткен.

Биыл "Әлем аруы" байқауы 17 желтоқсанда өтеді. Қазақстан намысын жиырма бесінші ұлттық байқауда "Қазақстан аруы" титулына ие болған ақтөбелік Назерке Қарманова қорғайды.

"Әлем аруы" байқауы 1951 жылы Ұлыбританияда Эрик Морлидің арқасында өткізіле бастады. Бастапқыда оған шақырту бойынша модельдер қатысқан. Кейін Miss World франшизасы бойынша қатысушыларды іріктеу жүйесі қалыптасты.

Бұл байқау "Дүниежүзі аруы", "Ғаламшар аруы" сынды әлемдегі хас сұлулардың танымал сайысы болып табылады. Финалдық шоуды барша құрлықтағы 200-ден астам елдің телекөрермені тамашалайды. 

1959 жылы Би-би-си телеарнасы байқаудың ақтық сынын эфирге шығарды. Сол кезден бастап шоу танымалдығы артты. 

Ал 1980 сайысқа интеллект анықтауға арналған тест пен түрлі шығармашылық тапсырмалар қосылды.

Жаңалықтар
0