Өңірлер

Мамин шекара маңындағы өңір әкімдеріне тапсырма берді

© Sputnik / Александр Астафьев / Медиабанкке өтуАскар Мамин
Аскар Мамин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2021
Жазылу
Премьер-министр 22 қарашада барлық өңірде қайта вакциналау науқаны басталғанын еске салды. Ревакцинация үшін вакцина қоры жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин шекаралас елдерде індеттің өршуіне байланысты өңірлерге эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол қазір елде эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті. Инфекциялық ауруханаларда төсек-орындардың 30%-і, ал реанимациялық орындардың 25%-і бос емес.

"Қызыл аймақта" екі өңір – Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр, "сары" аймақта – 4 өңір, "жасыл" аймақта – 11 өңір.

"Дегенмен вирустың таралу деңгейі шекаралас мемлекеттерде өскенін ескерсек, санитарлық талаптар жаппай сақталуға тиіс. Әсіресе, шекара маңындағы өңірлер эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстауы қажет", - деді Мамин үкімет отырысында.

Премьер-министр кеше, 22 қарашада барлық өңірде қайта вакциналау науқаны басталғанын еске салды.

Ревакцинация үшін вакцина қоры жеткілікті, деп сендірді Мамин.

Ол әкімдерге вакциналарды сақтау мен тасымалдау режимін қамтамасыз ету мәселелерін жеке бақылауда ұстауды тапсырды.

Жаңалықтар
0