Экономика

Коллекторлар қызметін реттеу тағы қатаңдатылады

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек считает бумажные деньги
Человек считает бумажные деньги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2021
Жазылу
Биыл мамырда банк, микроқаржы және коллектор қызметін реттейтін заң қабылданған болатын. Онда банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілген

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі коллекторлардың қызметін реттеуді қатаңдатуды көздеп отыр. Бұл туралы агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Агенттік азаматтарды коллекторлық ұйымдардың заңсыз әрекетінен қорғау үшін коллекторлар қызметін реттеуді қатаңдату бойынша қосымша шараларды пысықтап жатыр", - деді ол үкімет отырысында.

Олардың арасында Бас прокуратураның коллекторлық агенттік қызметкерлерін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысы да бар.

Смоляков қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту үшін биыл мамырда банк, микроқаржы және коллектор қызметін реттейтін заң қабылданғанын еске салды. Онда банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілген.

Банктерге барлық ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеу мерзімі 180 күнге кешіріктірілгеннен кейін сыйақы, айыпақы (айыппұл, өсімпұл), комиссиялар және басқа төлемдерді есептеуге тыйым салынды.

Сондай-ақ банктердің ипотекалық қарыздар бойынша берешектің қалған сомасын кешіруге негіз кеңейтілді және коллекторлар үшін қосымша шектеулер енгізілді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0