АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты Үшарал қаласы мен облыстың шекарасы аралығындағы учаскеде қоғамдық көлік тоқтады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
"2021 жылдың 22 қарашасында сағат 17.30-дан бастап Алматы облысындағы Алматы–Өскемен автожолындағы 558-615 шақырымында, Үшарал қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасы аралығындағы учаскеде қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ боран мен көктайғаққа байланысты жүк көліктері де тоқтатылды. Қозғалыс 22 қараша сағат 16.20-дан бастап шектелді:
- Өскемен – Риддер – РФ шекарасы (15-105 км, Белоусовка кенті учаскесі – Риддер қаласы).
- Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы (15-103 км, Глубокое кенті учаскесі – РФ шекарасы).
"Төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында автокөлік жүргізушілеріне алыс сапарларға шықпау ұсынылады", - делінген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.
Көмек керек болса, 1403 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласуға болады.
Синоптиктер болжамына сәйкес, 22-23 қарашада қар аралас жаңбыр жауады, түнде -2°C, күндіз +2°C болады.
24 қарашада қар аралас жаңбыр жауады, түнде +1°C, күндіз +2°C көрсетеді.