Қоғам

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен шетелдіктер ұсталды

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
Көліктегі полицейлер мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен екі мысырлықты қолға түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Петропавлдың теміржол вокзалында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Египеттің екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды көліктегі полиция департаменті.

17 қарашада Петропавл стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері "Алматы-Петропавл" бағытындағы жолаушылар пойызының жолаушыларын тексерді. Осыдан кейін екі ер адам полиция бөлмесіне жеткізілді.

Тексеріс барысында олар 21 және 28 жастағы Египет азаматтары екені анықталды. Шетелдіктер Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1-тармағы "ҚР Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0